ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫНЫҢ АДАЛ ЕҢБЕГІ

20:10, 23 шілде 2021

 

ДК: Тәуелсіздіктің құрдастары бүгінде табысты жандарға айналып үлгерді. Бұл – ел егемендігінің ерен үлесі. Білім беру, медицина, бизнес, спорт сияқты түрлі салалардағы тәуелсіздік құрдастары адал еңбек етіп жүр. Толығырақ тілші бейнематериалында.

РКС: Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге тыңғылықты дайындалып жатыр. 1991 жылы туған қазақстандықтар қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бейнесі саналады. Тәуелсіздік күнін екінші туған күні ретінде есептейтін жастар ел дамуы үшін ерен еңбек етіп жатыр.   

СНХ: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ: Сапалы еңбек ету әрбір адамның, кез келген Қазақстан Республикасының азаматының міндеті деп ойлаймын. Егер де әрбір азамат  өзінің атқаратын жұмысын 100 пайыз сапалы орындайтын болса, ол мұғалім болса мұғалім, журналист болса журналист, біздің Қазақстанымыз ары қарай өркендейді, гүлдейді.  Әр сала өзінің жетістігіне жетеді. 30 жастағы қыз-жігіттер күш-жігері тасып тұрған шақта аянбай еңбек ету керек. Барлығында осындай отансүйгіштік, патриоттық сезім бар деп білемін.

РКС: Елнар Нұрсейітов – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарады. Ол сонда 5 жылдан астам уақыт адал еңбек етіп келеді.  

СНХ: ЕЛНАР НҰРСЕЙІТОВ, ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ: Тәуелсіздіктің құрдасы болу мен үшін үлкен құрмет пен зор жауапкершілік. Тәуелсіздік, ең алдымен, маған лайықты өмір сүруге, сапалы білім алуға, тәжірибе жинауға және өз ісімнің білікті маманы болуға мүмкіндік берді. Бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін. Менің басты міндетім - халқыма адал қызмет ету, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

РКС: Бүгінде Ақмола өңіріндегі тәуелсіздік құрдастары айтарлықтай жетістіктерге жетіп, облыстың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...