ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК: МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ ЕКПІН БЕРІЛДІ

19:50, 14 қыркүйек 2021

ДК: Көкшетау қалалық орталық емханасында «Қалыпқа келтіру емі және оңалту» бөлімшесі жұмыс істейді. Сауықтыру ем шаралары жүргізілетін бөлімше Тәуелсіздіктің үш онжылдығында материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи аппараттармен толықты.  

ЖКС: Қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі өз саласында бірегей. Мұнда ем іздеп келгендерді сауықтырудың жаңа технологиялары тиімді қолданылады. Бөлімшеде 17 маман еңбек етеді. Олар асқынудың алдын алып, сауығуды жеделдетуге бағытталған кешенді жұмыстар атқарады.

СНХ: РОЗА ИМАНҒАЛИЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ  МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің бөлімше түрлі сырқаттан кейінгі науқастарды қалпына келтіру үшін құрылған. Емдеудің кешенді түрлерін, физиотерапия мен емдік дене шынықтыру әдістерін кеңінен қолданамыз. Көбіне ота жасалған науқастар, аяқ-қолдың сынықтарынан кейін, түрлі жарақаттардан кейінгі пациенттер келеді.

ЖКС: Аталған бөлімшеде 6 кабинет жұмыс істейді. Солардың бірі – физиотерапия. Мұнда тоқпен емдеудің соңғы үлгісіндегі құрылғылар орнатылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізгелі, барлық процедуралар тегін жасалады.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ ҚАСКЕНОВА, АҒА МЕЙІРБИКЕ: Бөлімшенің емдеу және оңалту тәжірибесінде физиотерапия және массаж түрлері сұранысқа ие. Науқастардың көбі осы процедураларды сұрайды. Дәрігердің тағайындауымен рәсімделедіі. Ингаляция, жылумен емдеу, магнитотерапияны қолданамыз. Негізінен физио емдеудің қауіпсіз әдістерінің бірі. Оны жекелей де, басқа да емдеу әдістерімен бірге пайдаланады.

ЖКС: Бөлімшедегі мамандар инновациялық әдістерді қолдана отырып,  нәтижелі емдеу үшін түрлі шеберлік сағаттарына қатысып, біліктіліктерін арттырып отырады.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...