ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ» ОБЛЫСТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ ФЕСТИВАЛІ

19:50, 25 қараша 2021

ДИКТОР: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында « Тәуелсіздік таңы» атты облыстық хореография фестивалі өтті. Шараға Жарқайың, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының би ұжымдары қатысты.  

РКС:  Балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, би мәдениетін жаңғыртуға, ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарауды үйретуге бағытталған фестиваль өнерпаздардың ерекше өнерлерімен толықты. Концерттік бағдарламаға танымал хореографиялық миниатюралар мен халық биінің таңдаулы үзінділері енген.

СНХ: РАЙГҮЛ ДҮЙСЕНБИНОВА,  «ART SCHOOL» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ: Біз Қоянды ауылынан «Art School»өнер мектебінен келіп тұрмыз. Мектебімізді ашқалы бес жылдай уақыт болды. Балаларымыз көптеген халықаралық, республикалық конкурстарға қатысып жүр. Ал Көкшетау қаласындағы облыстық фестивальға бірінші рет келіп тұрмыз.

РКС: Ауыл-аймақтан жиналған  өнерпаздар би өнерінің тылсым сәттерін қимыл арқылы білдіріп, әртүрлі образдарға ене білді. Өнерпаздар қазақ, татар, корей халықтарының ұлттық билерін билеп, көпшілікті тәнті етті.

СНХ: ГҮЛНӘЗ ЖЕТПІСОВА, «ART SCHOOL» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ (ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ: Біз бұл мейрамға орай фестивальға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Бұл фестивальға өте көп дайындалдық. Осыған дейін көптеген конкурстар мен сайыстардан жүлделі орындар алған едік. Сондықтан осындай фестивальға қатысу біз үшін құрмет!

РКС: Шараға қатысушылардың жас ерекшеліктері де әртүрлі. Фестивальге 8 бен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 15 пен 29 жасқа дейінгі жастардан құралған хореографиялық ұжымдар қатысты. Олар «халық билері» және «заманауи билер» номинациялары бойынша өнер көрсетті.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...