ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА АРНАЛҒАН МАРАФОН

19:58, 29 қараша 2021

ДК: Тәуелсіздік тойына арналған марафон. Елорда басталған сверхмарафон қатысушылары Көкшетауға келді. Қазақтың көк туын көкке көтерген қатысушылар жүздеген шақырым жолды жаяу бағындырған. Олар осы бір айдың көлемінде 2100 шақырымды еңсеруді көздеп отыр.

РКС: Марафон қатысушыларының жасы әртүрлі.  Олардың қатарында кәсіби жүгірушілерде бар. Соның бірі – Меңдібай Әлімғазин. Ол осы уақытқа дейін бірнеше марафонға қатысқан. Десе де, осы жолғы патриоттық марафонның жөні бөлек,-дейді.

СНХ: МЕҢДІБАЙ ӘЛІМҒАЗИН, СВЕРХМАРАФОННЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:  Жүгірумен 30 жыл айналысып келемін. Біздің аталарымыз біліктің күші, найзаның ұшымен осы кең байтақ жерді қорғап қалды ғой. Енді біз сол кісілерге құрмет көрсету мақсатын осы марафонды қолға алдық. 

РКС: Кербез Көкшетау ең көрікті мекеннің бірі. Талай ақын жазушы, батыр бағландарға қоныс болған. Сондықтан Нұр-Сұлтанда шырағы тұтанған марафонның осы өлкеде жалғасын табуы заңдылық.

СНХ: ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ, СВЕРХМАРАФОННЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Көкшетау – батырлардың мекені. Біз осы марафонды сондай батыр бабаларға арнайымыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймыз. Біздің марафон осы ел егемендігінің жолындай. Кедергі, қиыншылықтары бар. Бірақ біз соның бәрін еңсеріп келеміз.

РКС: Жалпы меже 2100 шақырым. Яғни, елорда да басталған шара Орал қаласында аяқталады. Оған дейін марафон қатысушылары бірнеше тарихи шаһарды басып өтеді. Айталық, Көкшетау марафон туын іргедегі Петропавл қаласына табыстады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...