ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТӨЛ СПОРТТЫ ТҮЛЕТТІ

14:57, 11 маусым 2021

ДИКТОР:  30 жылдың ішінде көк байрағымызды көтеріп, әлемдік аренада көзге түскен спортшылардың арасында ақмолалықтар да бар. Ұлттық спорт түрінен әлемдік деңгейде жарыстар өтіп жатса ел егемендігінің жемісі деп толық айтуға негіз бар. Жасөспірімдердің тегін жаттығу жасауына жағдай жасап отырған өңірде спорт ғимараттары жетерлік. Соның айқын бір дәлелі шаһардағы «Қайрат» қазақ күрес залы.

РКС: Бұл облыс орталығындағы Республика бойынша жалғыз тек қазақ күресімен шұғылдануға арналған «Қайрат » залы.  Спортық нысанның іргетасы 2010 жылы қаланған. 600 шарш метірді құрайтын спорт сарайында бүгінде 5 жаттықтырушы жұмыс істеп, олардан 300-ден астам спортшы тәлім алып жүр. Айталық аталмыш зал «Балуан шолақ » атындағы ұлттық спорт мектебіне қарайды.

СНХ: МАРАТ ҚОЙШИН, «БАЛУАН ШОЛАҚ» АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: //қаз// Тәуелсіздік алмасақ қазақ күресі осындай деңгейге жетпес еді. Бүгінгі таңда «Азия», «Әлем чемпионаты », «Қазақстан барысы»өтіп жатыр оның бәрі тәуелсіздіктің арқасында.Жағдайлар бәрі жасалған +скл+ Республикалық жарыстар өтіп жатыр. +скл+ Балалар бар, жаттықтырушылар бар істейм деген ниеттері артып жатыр.

РКС: Өңірде 2002 жылдан бастап қазақ қүресін ұлттық спорт мектебі қолға алған болатын. Оған дейін той домалақтарда өткізіліп келген спорт түрі бүгінде әлем аренасынан өзіндік орнын алды. Атаулы нысанда жаттығып жетістіктерге жетіп жүрген спортшылардың бірі Леонид Станиев. 20 жылыға жуық қазақ күресімен айналысып, қарсыласының шапанына шап беріп, шалып жүрген спротшы.

СНХ: ЛЕОНИД СТАНИЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: //аударма// Заманға сай Ербол Қайрат ұлы осындай керемет спорт зал салып берді. Бұл жерде жаттығу үшін барлық жағдай жасалған. Екі боз кілем, жаттығу залы сол сияқты басқа да керекті құрылғылырмен жабдықталған. Әрқашан тегін жаттығамыз. Қанша жыл жатығып келем, мемлекет тарапын қолдау зор.

РКС: Айта кетейік, «Қайрат» қазақ күрес залының түлегі Даниар Темірханов, Бразилия елінде жастар арасында қазақ күресінен өткен әлемдік жарыста екінші орынға ие болған. Бұдан да басқа спортшылардың жеткен жетістіктері жетерлік.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...