ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫН БИІК КӨТЕРГЕН – АБЫЛАЙ ХАН

20:54, 11 маусым 2021

 

ДК: Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан. Дәл осындай атаумен облыс орталығында «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешені көрмесінің ашылуы өтті. Жылжымалы көрме Мәлік Ғабдуллин музейінде таныстырылды. Аталмыш шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен Абылай ханның 310 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

РКС: Бұл – «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің макеті. 2 қабатты ғимараттың жанында қонақ үйі, кеңсе ғимараты, монша, құдық және шошала орналасқан. Дәл алдында салт атты Абылай ханның ескерткіші тұрғызылған. Жалпы салмағы – 88 тонна. Аталмыш резиденция 2008 жылы Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған. Бүгінде мұражайда 1000-ға жуық жәдігер бар. 

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚЫДБЕКОВА, «АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» МУЗЕЙ-КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз/// осы жыл ішінде біздің мақсатымыз мұражайлармен танысып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу және Абылай ханның есімін паш еткізу болып отыр. Өзіміздің мұражайда көптеген іс-шаралар жоспарланып отыр. Басты мақсатымыз – Абылайды еліміз үшін, жас ұрпақ үшін ғана емес, өзге елдерге де таныту. Көптеген конференциялар да ұйымдастырылып отыр. Абылаймен қатар оның тұсында болған батырларды танытуымыз керек. //

РКС: Айта кетейік, жылжымалы көрме Қостанай облысында, Алматы қаласында және елдордамызда да болған. Тіпті, көрші Ресей елінде де таныстырылған. Облыс орталығындағы көрмеге 50-ден астам экспонат әкелінген. Онда Абылай хан мен сол тұстағы батырлар ұстаған қару-жарақтардың көшірмесі, ханның мөр жүзігі, қанжары мен семсері сынды жәдігерлер бар. Солтүстік Қазақстаннан келген қонақтарды Ақмола өңірінің мәдени қызметкерлері құрметпен қарсы алды.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз///Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл, өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова  Көкшетау қаласы Қазақстанның мәдени астанасы деп жариялады. Осыған орай ендігі жылдың мамыр айына дейін жол картасы дайындалған. Осы жол картасының арқасында бүкіл Қазақстандағы өңірлерден біздің Көкшетауға келіп, өз концерттерін, өз бағдарламаларын көрсетеді.  Өте қуаныштымыз. Осы көрмені көкшетаулықтар осы аптаның ішінде көруге мүмкіндіктері бар.

РКС: Аталмыш жол картасының шеңберінде бүгінде 250 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Алайда, олардың саны 500-де де жетіп қалуы мүмкін, дейді басқарма жетекшісі.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАС, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...