ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ 8 БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14:26, 4 мамыр 2021

ДК: Тәуелсіздік жылдары өңірде ет өндірісі бағытындағы мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ақмола облысының бордақылау алаңдарында 37 мыңға жуық ірі қара мал өсірілуі мүмкін. Сондай-ақ, өңірде ең озық технологиялары бар 8 ірі бордақылау алаңы жұмыс істейді.

РКС: Облыста ет өндірісінің орташа жылдық көлемі шамамен 400 мың тонна. Ет өндірісі бағытындағы мал шаруашылығы тек ірі кәсіпорындарында ғана емес, сондай-ақ шағын шаруа қожалықтарында да басты назарда.   Ақмолалықтар елорданы және облыстың көршілес өңірлерін ет өнімдерімен қамтамасыз етеді.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі артып отыр. Яғни, ақшалай да, заттай да, өнімнің, жануарлардың саны бойынша да өсім бар. Өңірде ет өндірісі бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Олар ірі қара малды өнеркәсіптік негізде бордақылайды. Олар мал басын Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарынан сатып алады. Бордақылау алаңдары Целиноград, Аршалы, Есіл, Зеренді, Қорғалжын және Ерейментау аудандарында орналасқан.

РКС: Өңірде асыл тұқымды репродукторлар мен бордақылау алаңдары белсенді жұмыс істейді. Оларды құрудағы басты мақсат – ет нарығын сапалы және экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету. Облыс бойынша екі ауданда бордақылау алаңы бар «KazBeef» серіктестігі көш бастап тұр. Ол өңірдегі мәрмәр сиыр етін өндіретін брендке айналды. Бордақылау алаңы 2019 жылы құрылды. Бүгінде оның өндірістік қуаты – 7,5 мың бас ірі қара мал. Айта кету керек, мұнда барлық өндірістік процестің 80 проценті автоматты түрде жұмыс істейді және цифрландыру жүйесі іске қосылған. Олар ірі қара малды облыстың барлық аудандарында өсіру үшін сатып алады. Бордақылаудың орташа мерзімі бір жылға жуықтайды. Өндірілетін өнім көрші елдерге, соның ішінде Ресейге, сондай-ақ Таяу Шығысқа тұрақты жеткізіледі.

СНХ: БЕЙБІТ ЕРУБАЕВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ///аударма///Мұнда біз мал күту, оны вакцинациялау және азықтандыруға қатысты халықаралық стандарттарды енгіздік. Жыл бойы жануарлар осы бордақылау алаңында болады. Мұнда бәрі Солтүстік Америкада қолданылатын халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Біз барлығын климаттық талаптарға, ауа райы нормаларына сай қарастырдық. Тамақтану рационы 20 проценті астық және 80 сүрлем мен премикстен тұрады. Сондай-ақ, минералды және витаминді қоспалар да бар. 

РКС: Өңірде 97 ет фермасы бар. Олар жыл сайын өнімділігі жоғары мал мен аналық сиырларды сатып алады. Мұнда мал өсірудің заманауи әдістері ұтымды қолданылып келеді.  

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...