ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА МАЛ БАСЫ АРТҚАН

20:00, 15 қазан 2021

 

ДК:  Зеренді ауданында мал шаруашылығы өркендеп келеді. Оған мемлекеттік бағдарламалар барынша оң ықпал етіп отыр. Бүгінгі таңда ішкі сұранысты өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік молайған. Аймақтың мал басын көбейтудегі жетістіктері жайында тілші бейнематериалында.

РКС: Облыста сонау Тәуелсіздік алғаннан бері ата кәсіпті дамытып, ет өнімін еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Бұған дейін мал басын көбейтуді көздеген келелі бағдарламалар қаржыландырылды. Төрт түлік саны жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, Зеңгі баба тұқымын молайтуға мейлінше мән беріліп отыр.

СНХ: СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 90-жылдардың басында ірі қара мал саны 45 мың болса, бүгінгі таңда 55 мыңнан асып отыр. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 5 мың ғана сүтті сиыр болса, қазір мал басы 23 мыңнан асты. Алғашында 5 мың жылқы ғана есепке алынса, ал биыл оның саны 27 мыңға жуық болып отыр.

РКС: Қазір кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында қаржылық құралдардың сан алуан түрі ұсынылған. Гранттық, жеңілдікті қаржыландыру, субсидиялар, несиеге кепілдік беру тәрізді тиімді тетіктер бар.

СНХ: СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға зор көмек болды. Оның бірі – субсидия. Қазір осы арқылы шаруаларымыз мал басын көбейтіп жатыр. Алайда жер жайылымдары деегн бір ғана проблема бар. Мемлекет те осы мәселені шешуге ерекше көңіл бөліп отыр.

РКС: Ендігі бір басты мақсат - экспорттық әлеуетті арттыру. Ол үшін асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім дайындау сынды салмақты міндетті назарға алынды. Сонда ғана көздегенге қол жеткізіліп, ауданның ғана емес, аймақтың экономикасы да қарқынмен алға баспақ.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...