ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИ ТҮСТІ

13:33, 1 шілде 2021

 

ДК: Тәуелсіздік жылдары өңірдің мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Ел экономикасын арттырудың көзі – ауыл шаруашылығы саласын өрістету. Оның ішінде төрт түлікті түлетіп, асыл тұқымды мал басын көбейту айтарлықтай маңызға ие.

РКС: Мамандардың айтуынша, Ақмола өңірінің жем-шөп әзірлеу мүмкіндігі мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы жағдай жасап отыр. Ол үшін мал басын көбейтуге күш салу керек.

СНХ: ДИМАШ ТАЛАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма/// Өңірде мал шаруашылығына едәуір көңіл бөлініп келеді. Ол үшін мемлекеттен қолдау зор. Өткен жылдың өзінде 42 миллиард теңге субсидия бөлінді. Соның арқасында мал басын арттыруға күш салуға мүмкіндік туды. Біз министрлікке бөлетін қаржыны көбейтуге ұсыныс жасап отырмыз. Өйткені, ет, сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді.

РКС: Ендігі міндет - елімізде мал шаруашылығын дамыту үшін сүт пен ет өндірісін ұлғайту қажет. Бұл мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласындағы басты саясатының бірі. Малды асылдандыру өте қымбат процесс. Салдарынан мал шаруашылығы өнімділігіне тікелей ықпал етіп отыр.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// Сонау тәуелсіздік жылдарынан бері есептегенде бүгінгі күні облыс бюджетіне 200 миллиардтан астам пайда түсірдік. Бүгінгі таңда аймақта сүтті мал өсіретін 56 ферма бар. Ия, жасырмаймыз, 30 жылда мал шаруашылығы өнімдерінің кейбірінде төмен көрсеткіштер болды. Әсіресе, қой шаруашылығы 2003 жылға дейін онша дами қойған жоқ. Содан кейінгі жылдары жәймендеп қарқын ала бастады. Ал қазір жеке шаруашылықтардың көбеюінен, экономикада біршама өзгерістер бар. Аталмыш саланың әлеуеті жыл сайын 3-5 процентке артып келеді.

РКС: ТМД елдері арасында Қазақстан мал шаруашылығы өнімі бойынша соңғы орындарда. Айталық, Алматы облысында жан басына шаққанда 715 кг ет өндіріледі. Бұл көрсеткіш Ақмола облысының өнімінен 2,5 есеге жоғары. Сарапшылар елдегі өнімнің экспорттық әлеуетін көтеру үшін шаруаларға барынша көбірек субсидия бөлу керектігін айтады.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...