ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

22:04, 12 қазан 2021

 

ДИКТОР: Қан қызметінің тарихы сонау 1934 жылдан бастау алады. Ол Қазақстан үшін өте ауыр кезең болатын. Сол жылдары орын алған ашаршылық көптеген адамдардың өмірін жалмады. Ұлы Отан соғысы қан тапсыру жүйесінің ғана емес, жалпы қан қызметінің қалыптасуына өз әсерін тигізді. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін аталмыш сала әрі қарай дами бастады. Ақмола облысындағы қан орталығының жұмысы жайлы келесі бейнематериалда.

РКС: 1946 жылға дейін бұрынғы Көкшетау облысына қажетті қан Петропавлдан жеткізілетін. Кейін, ақмолалық хирургтер қанды донорлардан алу әдісін бастады. Жұмыс бір жүйеге келтірілгеннен кейін қан донорларын тарту бойынша үгіт-насихат жүргізуді қолға алды. Ал, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1995 жылы қан құю станциясы облыстық қан құю орталығы болып өзгертілді. Қазіргі таңда, бұл жерде, шамамен, 200 медициналық қызметкер бар. Солардың бірі Надежда Бархатова – тәуелсіздік құрдасы. Қолына диплом алысымен осы жерге терапевт болып жұмысқа қабылданған.

СНХ: НАДЕЖДА БАРХАТОВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕРАПЕВТІ: Менің міндетім қан тапсырмас бұрын донордың жағдайын тексеру. Яғни, қан тапсыру донорға кері әсерін тигізбейді ма, денсаулығы жақсы ма, соны қараймын. Және дәрігер-трансфузиолог ретінде тромбоциттердің қан компоненттерін, иммундық плазманы дайындаумен айналысамын. 

РКС:  «Қан тапсыр – өмірді сақта!». Бұл акцияға ақмолалықтар жылда қолдау білдіреді. Қан орталығы мамандарының айтуынша, әсіресе, пандемия кезінде қан тапшылығы сезілген. Жетіспейтін қанды толтыру кезінде ТЖД қызметкерлерінің көмегі зор болыпты. Ал, бүгін олар тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында бастау алған «30 игі іс» акциясына қатысты. 

СНХ: ДАНИЯР СМАИЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Мен тұрақты түрде жарты жылда бір рет қан тапсырып тұрамын. ТЖД мамандары бұл бағытта өте белсенді. Қан орталығына жиі келеміз. Бүгін 10 қызметкер қан тапсырып жатыр. Барлық мамандарды 3 кезеңге бөлдік. Күніне 10-12 адам келеді.

РКС: Қан тапсыру донорлардың ағзасына да пайдалы екенін айта кеткен жөн.  Белсенді түрде қан тапсыратын адамдар жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығады және қан кету олар үшін айтарлықтай қауіп тудырмайды. Қан тарсырғанда адамның қаны жаңарып, қан айналымы жақсарады. Ең бастысы, бір рет қан тапсырған донор, орта есеппен, 3 адамның өмірін сақтап қалуға себепші болады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЗАРИНА ЖУНИСБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...