ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ

19:08, 20 қыркүйек 2021

 

ДК: Тәуелсіздік жылдарында облыс бойынша 539 мектепке дейінгі мекеме бой көтерді. Оның 186-сы балабақша болса, 353-ші шағын орталықтар. Бүгінгі күні 35 мың 646 бүлдіршін мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленуде. Егемендік алған еңселі жылдары бой көтерген осындай мекемелердің бірі – «Айгөлек» балабақшасы. Бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып келе жатқан білім беру мекемесінің тынысы туралы тілші бейнематериалында. 

ЖКС: 2016 жылы ашылған «Айгөлек» балабақшасы 58 орынға шақталған. Шағын мектепке дейінгі білім беру мекемесі мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылған. Мұнда 3 топ жұмыс істейді. Оның екеуі мемлекеттік тілде болса, біреуі орыс тілді топ.  Педагогикалық құрамды айтар болсақ, 12 тәрбиеші еңбек етеді.

СНХ: БАХЫТ СҮЛЕЙМЕНОВА, «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ: Балалардың денсаулығын нығайтып, білімін жетілдіру жолында педагогтар аянбай еңбек етуде. Тәрбие мен оқытудың инновациялық технологиялары қолданылады. Балалардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оқыту мен тәрбиелеу барысында дене тәрбиесі сабақтары, таңертеңгі жаттығулар мен түрлі гимнастикалық жаттығулар өткізіледі.

ЖКС: Балабақшада бүлдіршіндерге арналған түрлі қосымшалар жұмыс істейді. Бейнелеу өнері, хореография сияқты үйірмелер жүргізіледі. Мұндағы мақсат - балғындарды салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық шараларға ат салысуға бейімдеу.

ЖКС: Тәрбиеленушілер үнемі түрлі байқауларға қатысады. Осы жылы бірнеше рет топ жарып, «Ханталапай», «Үздік тәрбиеші» жарыстарында жеңімпаз атанған. 

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...