ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ! ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

19:21, 8 қазан 2021

ДИКТОР:  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жаңа бастамалар қолға алынып, түрлі бағыттар қалыптасуда. Соның ішіндегі ең өзектісі, әрі аса маңыздыларының бірі -экология саласы. Бұл мәселені түбегейлі жоюдың жолы әлі алыста болғанымен, біртіндеп мақсатқа жетуді көздеп отырмыз.

РКС: Қоқыс шығару проблемасы Ақмола облысында аса өзекті. Қазіргі кезде облыста өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі инфрақұрылым кенже қалып отыр. Өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды жекелеп жинаумен айналысатын 4 кәсіпорын ғана бар. Жалпы, облыс бойынша 2020 жылы қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 243 мың тоннаны құрады, 2021 жылдың 6 айында 124 тың тоннасы жиналды. Дегенмен, қайта өңдеу көлемі 3 пайызды ғана құраған еді. Бұл мәселені шешу мақсатында әртүрлі бастамалар қолға алынып отыр. Соның бірі «EcoQolday» мобильді қосымшасы.

СНХ: МАРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Осыған дейін «EcoQolday-Business» қосымшасы жұмыс істеген, ал қазір оның ішінде «EcoQolday-home» парақшасы бар. Енді осы платформаның арқасында тұрғындар қалдықтарды жинап, тапсыра отырып ақша алады. Тұрғын үй кешенінде қалдықтарды сұрыптау экологиялық мәдениетті көтеретін болады.

РКС: Сонымен қатар, қоқыс мәселесін шешу мақсатында және осы проблема бойынша жағдайды бақылау үшін сенім телефоны қосылды.

СНХ: ГҮЛНАЗ ТҰЙҒЫНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2020 жылдың 10 шілдесінде үкіметтің бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология министрлігі елді мекендердің айналасындағы қоқыс полигондарымен айналысуы керек екенін мәлімдеді. Ол үшін Қазақстан Республикасы экология , геология және табиғи ресурстар министрлігі арнайы сенім телефонын іске қосты. Бізге бұл желіден жедел өтініш түскеннен кейін экология департаментінің бас мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті шараларды қолданады. 

РКС: Жедел желі телефонына Ақмола облысының тұрғындары елдімекендегі заңсыз қоқыс орындары туралы ақпаратты фотосурет пен бейнетүсірілім арқылы растай отырып, жібере алады. Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 52 шағым келіп түсті.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...