ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ! ҚОПА КӨЛІН ТАЗАРТУҒА АСА МӘН БЕРІЛДІ

21:35, 25 қазан 2021

ДИКТОР: Тәуелсіздіктің 30 жылдығында экологиялық мәселелердің алдын-алу мақсатында түрлі бастамалар қолға алынуда. Бұл саланы дамыту барысында біршама жаңа бағыттар қалыптасты. Әсіресе, Ақмола облысындағы көлдерді тазалау жұмыстарына аса мән беріліп отыр.

РКС:  Қоршаған ортаға аса мән беру, оны таза ұстауға тырысу әрбір жанның табиғат алдындағы парызы. Алайда әлі күнге дейін экологиялық мәдениет өз бағытын толыққанды қалыптастыра алған жоқ. Қолға алынған жобалар бар. Соңғы 2-3 жылда Қопа көлінің жағалауы жаңаша күйге енді. Таза ауа жұтып, жаттығатындар көбейді. Өкінішке орай, көлдің тазалығына көңіл аударып жатқандар аз . Бүгінгі күні ол көбінесе тұнба мен арамшөптердің кесірінен ластанады екен.

СНХ: МАРИЯ ДЕРБАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:  Қазіргі кезде Қопа көлінің ластануы Көкшетау қаласының негізгі экологиялық проблемасына айналып отыр. Бұл көл Көкшетау қаласының аумағына кіреді және де тұрғындардың бас қосатын, демалатын жеріне айналған. Сондықтан да, Қопа көлінің жағдайына көкшетаулықтар көп көңіл аударады. Соңғы лабораториялық сараптамалардың қорытындысы бойынша, қазіргі уақытта көлдің жағдайы жақсарған.

РКС: Мамандардың айтуынша, Қопа көлін тазарту үшін су деңгейіне аса мән берген жөн. Бұл оны балшықтан тазартудың жалғыз жолы.  Қазіргі уақытта экология департаменті облыстағы көлдердің ластануын алдын-алу мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Олар әрдайым судың сапасын тексеріп, мониторинг жұмысымен айналысады. Химиялық сараптамалар жасайды. 

СНХ: МАРИЯ ДЕРБАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Мемлекет 2011 жылы көлді тазарту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттар дайындау үшін 90,6 млн теңге бөлген. Жұмыс 90% -ға орындалды. Сонымен қатар, бұл бағытта түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр.  Қазіргі уақытта Қопа көлін тазалау жұмыстары аяқталып жатыр. Сонымен қатар, көлді тазалау мақсатында берілетін жерлерді бөлу мәселесі талқылануда.

РКС: Сондай-ақ,  Көкшетауда былтырдан бері аталған көлдің жағалауын абаттандыру басталды. Халық та бұл жұмысқа жұмыла кірісіп, су айдынын түбегейлі тазартуға өз үлестерін қосуда.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...