ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ: ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ САНЫ ӨСУДЕ

17:58, 13 қазан 2021

 

ДИКТОР:  Ел Тәуелсіздігін алғаш алған жылдары республика экономикасымен бірге құрылыс саласы да қарқынды дамыды.  Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин атап өткендей, ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 10,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Құрылыс саласындағы өсу қарқыны Жақсы ауданында да сезіледі.

РКС: Құрылыс қарқынын арттырып, халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Жақсы ауданның қазынасына жыл сайын қомақты қаржы бөлініп тұрады.

СНХ:  ДӘУЛЕТ ҚОСШЫҒҰЛОВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Соңғы 10 жылда ауданда сумен жабдықтау желілерін қайта құру бойынша 10-нан астам жоба іске асырылды. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі 40-тан астам пәтер қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Жаңа шағын ауданда бес 2 пәтерлі, бір 18 және  27 пәтерлі тұрғын үй салынып, халық игілігіне тапсырылды.

РКС: «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын.  Сонымен қатар, аталмыш мемлекеттік бағдарламалардың жемісін көріп отырған тұрғындар да бар. Соның бірі көпбалалы ана – Гүлнәз Қожабаева. 

СНХ: ГҮЛНӘЗ ҚОЖАБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасы ретінде 3 бөлмелі пәтерге ие болдық. Желтоқсан айында біз осында тұрғанымызға 2 жыл болады. Пәтерлер өте жақсы, жылы, ауданы тыныш, қарастырылған барлық қолайлы балалар үшін.

СНХ:  ДӘУЛЕТ ҚОСШЫҒҰЛОВ, АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2019 жылы аудандық орталық стадионға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бүгінгі күні аудан тұрғындары күнделікті спортпен белсенді айналысуда. Осы жылы ауданда «Жақсы ауылында ұңғымалық су тарту және су тарту құрылысы» жобасын іске асыру басталды. Аталған жобаны іске асыру аудан орталығының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

РКС: Бұдан басқа, жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұдан кейінгі жылдары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ,  ИВАН ОДНОРОГ,  АМИР КОЙШИБАЕВ,  «КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...