ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ. ТАРИХИ РОМАНДАР КӨБЕЙДІ

19:16, 7 маусым 2021

ДК: Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ әдебиеті жаңа бағытқа бет бұрды.  Оның дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, тарихи  роман жанрындағы шығармалар жазыла бастады.  Осының барлығы ұлттық әдебиетті жаңа белеске шығарып, көптеген қаламгерлерге серпін берді. Яғни, сол өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендегенмен,  қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлады.

РКС: Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу – жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасы». Осы тектес көптеген тарихи шығармалар  тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің биіктігін  көрсете білді. Яғни, Абай мен Мұхтарлардан қалған сара жол, одан кейінгі толқынмен жалғасып, ел егемендігін алған шақта қайта жаңданып, дами түсті.

СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ//ҚАЗ// Біздің ұлттық әдебиетіміз Алаш қайраткерлері кезінде Абайдан бастау алған рухани аңсарлары, одан кейін мына Ахмет, Мағжан, Міржақып, Бейімбет жалғастырған кеңестік тұстағы әдебиет бүгінде кәсібилік деңгейге жетті. Тәуелсіздік жылдарында біздің ұлттық келбетіміз, ұлттық болмысымыз айқындалды. Мағжан кезіндегі айтылған Түркілік сана ояна бастады. Тарихи романдар шыға бастады. Поэзияда да көптеген ақындар жетіліп, елдің шер-шеменін, ақтаңдап қалған тақырыптарын жаза білді.

РКС: Тәуелсіздік кітапханалар жүйесіне ерекше әсер етті. Мәселен, облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы кітапханада 1991 жылы небары 60 мыңға жуық кітап болса, бүгінде оның саны 400 мыңға жуықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде жазылған оқулықтар мен балалар әдебиетіне сұраныс артқан.

СНХ: НӘЗИРА ТӘШКЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: /қазақша/ Қазіргі таңда қазақша кітаптарға сұраныс өте жоғары. Енді мен балалар секторында болғаннан кейін, балғындар көбіне отандық жазушылардың кітаптарын сұрайды. Оның қатарында жергілікті жазушылар да бар. Шетелдің қазақ тіліндегі аудармалары да қалыс қалмайды. Жастардың осылайша кітапқа құмартқаны бейбітшілік пен Тәуелсіздіктің, егемендіктің жемісі деп білемін.

РКС: Десе де шаһардағы ірі кітапханада қазақ тіліндегі оқулықтар қатары енді көбейіп келеді. Мәселен, жалпы кітапханадағы мемлеттік тілдегі кітап қоры 30 процентті құрайды. Ал, кітапханашылар алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толып, қазақ тіліндегі құнды шығармалардың көбейетіндігінен ниетті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...