ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ: ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ

19:18, 21 шілде 2021

 

ДК: Құрылыс саласы – Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарушы фактор. Тәуелсіздік жылдары саланың даму қарқыны біршама жоғарылады. Ақмола өңірінде облыс орталығынан бөлек, аудандарда да құрылыс нысандары көптеп бой көтерді. Тұрғындар қоныс тойын тойлап, баспанамен қамтылды.

РКС: Тәуелсіздік жылдары Сандықтау ауданында құрылыс саласы жүйелі жүріп жатыр. Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен Балкашино ауылында жалпы алаңы 6 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Қайта құру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. 2011-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша Балкашино ауылында жалпы ауданы 901,2 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығында тәуелсіздік жылдары біршама баспана бой көтерді. 

СНХ: НИКОЛАЙ ДЕОБАЛЬД, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 2017-2018 жылдары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  екі 18 пәтерлі үй пайдалануға берілді. 2020 жылы екі 36 пәтерлі және 45 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Құрылыстың жүйелі қарқыны  Тәуелсіздігіміздің жемісі деп білемін. Тұрғындар баспанамен қамтылып, қоныс тойын тойлауда.

РКС: 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Сандықтау ауданында жалпы ауданы 1562 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.

СНХ: НИКОЛАЙ ДЕОБАЛЬД, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгінде біз тағы екі 36 пәтерлі үйдің құрылысының жобасын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бізде жалдамалы тұрғын үйге де сұраныс артып отыр. Құрылыс барысы, сапа жағы назардан тыс қалмайды. Бәрін қадағалап отырамыз. Кемшіліктер болса, бірден түзетеміз.  

РКС: Биыл республикалық бюджеттен Сандықтау ауданында 36 пәтерлі екі тұрғын үй мен 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.   

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...