ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС

19:05, 28 шілде 2021

 

ДК: Ел Тәуелсіздігін алған шақтан бастап өңірдегі қала, аудандармен қоса, ауыл-аймақтардың өзінде де құрылыс саласы қарқынды дамыды. Елдімекен тұрғындары қоныс тойын тойлады. Мәдениет үйлері, мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтерді. Қаладан бөлек, аудан, ауылдарды заманға сай гүлдендіру де басты назарда.

РКС: Тәуелсіздік жылдарында Қорғалжын ауданында құрылыс саласына қатысты ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Білім саласына да зор көңіл аударылып отыр. Өркендеу ауылында 120 оқушыға арналған 2 қабатты мектептің құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, ауданда егін шаруашылығы мақсатындағы кешендер тұрғызылған. Ауданға қарасты Біртабан ауылында туристік демалыс нысандарының да құрылысы жүргізілді. Сабынды ауылында 2011 жылы мешіт пен медресе бой көтерді. Сондай-ақ, Жантеке ауылында мешіт, балабақша, асхана, мал бордақылау комплексі тұрғызылды. Сондай-ақ, 2009 жылы Сабынды ауылында ет-комбинаты ашылды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚАЛИМҰСА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Егеменді ел болғалы Қорғалжын ауданымызда көптеген құрылыс объектілері бой көтерді. Бұл шараға аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, облыстық басқармалар құрылыс индустриясына өз үлестерін қосты. Статистикаға сүйенетін болсақ, ел Тәуелсізідігін алған 30 жыл ішінде аудан бойынша 25 мың шаршы метрден астам жеке меншік тұрғын үй іске қосылды.

РКС: Нұра топтық су құбыры, Қорғалжын, Абай, Шалқар, Кеңбидайық, Жантеке, Сабынды ауылдарындағы су таратушы құбырлары қайта құрылды. Сулыкөл, Екпінді, Ұялы, Садырбай, Үшсарт, Жұмай ауылдарында локальды су құбырының құрылысы жүргізілді. Шағын бизнес орталықтары бой көтерді. Сондай-ақ, Екпінді, Біртабан мен Өркендеу ауылдарында 5 мың бас  ірі қараға арналған мал бордақылау кешені де тұрғызылды.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚАЛИМҰСА, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Облыстық және республикалық бюджеттен ауданымыздың су құбырларына қаражат бөлінуде. Кәсіпкерлердің тарапынан, 50-ден астам дүкен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы кешендер және тағы да басқа құрылыс объектілері пайдалануға берілуде. 

РКС: Биыл Қорғалжын ауылында 2 қабатты  қос жатақхананы тұрғын үй қылуға бағытталған қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша да баспана тұрғызылмақ.                                

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...