ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

19:42, 7 сәуір 2021

ДК: 1995 жылдың 7 сәуірі қазақстандық әскерилер үшін қаралы күн. Дәл осы күні таулы Бадахшанда тәжік-ауған шекарасын содырлардың шабуылынан қорғау кезінде 17 әскери ерлікпен қаза тапты. Солардың бірі - Бурабай ауданының тумасы Ербол Бекебаев. Қаза тапқан сарбаздар мен офицерлерді еске алу шарасы батырдың туған мектебінде өтті.

РКС: 1995 жылғы 7 сәуірде қазақстандық батальонның 17 әскери қызметшісі тәжік-ауған шекарасындағы содырлармен болған ұрыста қаза тапты. Олардың арасында Бурабай ауданының тумасы 19 жасар Ербол Бекебаев те болды. Ербол Бекебаевтың өзі оқыған Ұрымқай ауылындағы туған мектебінде тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар туралы мұражай жұмыс істейді және оны еске алуға мемориалдық тақта орнатылған. Ербол Бекебаевтың достары мен жолдастары ерлікпен қаза тапқан досын еске алу үшін жиналды.

СНХ: ҚУАНЫШБЕК ШАЛМҰҚАНОВ, ӘСКЕРИ ҚИМЫЛДАРДЫҢ АРДАГЕРІ ///аударма///7 сәуір – біз үшін маңызды күн, бұл ерлікпен қаза тапқан 17 ағамызды еске алу күні. Біз қаза тапқандарды ешқашан ұмытпаймыз. Ерболмен бірге біз әртүрлі бөлімшелерде қызмет еттік, бірақ бір мектепте оқығандықтан, бір-бірімізді жақсы білетінбіз. Әрқашан оны еске алғанда, жарқын бейнесі, мейірімді және жауапты 19 жастағы жігіт көз алдымызға келеді.

СНХ: ЖАНАТ БЕКЕБАЕВА, ЕРБОЛ БЕКЕБАЕВТЫҢ АНАСЫ/// аударма/// Қаза болғандарды еске алуға арналған мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі. Менің ұлымды ұмытпағандардың бәріне рахмет. Мұндай қайғылы оқиға ешқашан қайталанбасын.

РКС: Қазақстандық әскери қызметшілер 1993-2001 жылдар аралығында шекараны күзеткен. Осы уақыт ішінде 46 солдат пен офицер қаза тауып, 400-дейі жарақат алды. Бүгінгі таңда елімізде тәжік-ауған шекарасындағы 9 мың 600 соғыс ардагері бар, Ақмола облысында – 268.

СНХ: ҚАЙДАР БӘКІРОВ, ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН АРДАГЕРЛЕР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ///аударма/// Тәжік-ауған шекарасына қатысушыларды қорғау арқылы Орталық Азия елдеріндегі жағдайды тұрақталды. Терроризм мен экстремизмді тоқтаттық. Сол арқылы қарулы қақтығыстың ушығуына, жауынгерлік іс-қимылдардың басқа елдерге ауысуына жол бермедік. Бауырлас халық Тәжікстан Республикасына бейбітшілік туын тіктік.

РКС: Әскери борышын орындау кезінде өмірін қиып, көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 17 әскери қызметші «Айбын» орденімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ Ресейдің «Қызметтегі ерекшелігі үшін» медалімен марапатталды.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АСЛАН АБУТӘЛІПОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...