ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ ТЕЛЕМАРАФОННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

20:32, 30 маусым 2021

 

ДК: Бүгін ел ардағы, мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің ескерткішіне қаржы жинауға қатысты телемарафон өтті. 4 сағатқа созылған тікелей эфирде қайраткердің артында қалдырған өшпес мұрасы дүйім жұртқа таныстырылды.  

РКС: Еркін Әуелбеков – тегеурінді іс-әрекетімен азаматтық жігер таныта білген дара тұлға. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтың бірі. Биыл қайраткердің туғанына 91 жыл толып отыр. Еркін Нұржанұлының көзін көрген азаматтар мен ізбасар інілері тікелей эфирде қонақ болды.

СНХ: КҮМІС МҰРАТБЕКОВА, ҚР БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ///қаз./// Былтыр 90 жылға келді деп біраз шара жасалды. Биыл енді бірінші қуаныш – ескертіш қойылатыны. Қаражат көбірек түседі деп ойлаймыз. Мемлекет тарапынан да көмек болады деп үміттенеміз. Ермек Боранбайұлы осы істі енді өз қолын алып жатыр ғой.

СНХ: ЖІБЕК БАҒЫСОВА, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ///қаз.///  02:12 Еркін ағаны еске алып, жәй ғана еске алып емес, сағынышпен еске алып осылай телемарафон жасап жатырмыз. Сыр елі де еске алып жатыр. +++скл+++ 02:59  Кез келген адамнан сұрасаңыз ағаның еңбегін ризашылығын айтады. Сондықтан мен Сыр еліне де, біздің Көкшетауға да алғыс білдіремін. +++скл+++ 03:34 Қорға мүмкіндігінше 5 мың теңге болса да, жаңағыдай қосылып жатқан адамдарға алғыс білдіреміз.

РКС: Ел ардағы Еркін Әуелбековтің ескерткіші қазан айында дайын болады деп жоспарланып отыр. Ескерткішті кіші мөлшерден бастап, бірнеше рет еселеп үлкейтіп, кезең сайын комиссияның ұйғарымын алады. Мүсін қоладан құйылмақ. Тұғыры бетон мен гранитпен қапталады. Негізгі ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр. Тұғыры - 2,5 метр.

СНХ: ТОҚТАР ЕРМЕКОВ, МҮСІНШІ///қаз.///  10:23 Мен көп ақша сұраған жоқпын. Тұғырымен 40 млн. теңге ғана. Ал қарсыластарым 55, 70 млн сұрады. Көп мүсіншілер бір жұмыстан байиын деп ойлайды. Мен бұл жұмыстан байитын ойым жоқ. Мен халықтың ризашылығын алғым келеді. + 00:23 Мен оны 86-дан бері естідім. Қандай адам болғанын да. Қай жердің бірінші хатшысы болғанын да. Өйткені мен өзім желтоқсандікімін. Жеке таныған жоқпын. Бірақ та сол алаңда жүргенде арманымыз Еркін Әуелбеков Қазақстанға басшы болса ғой деген арманымыз болды. Сондай қайталанбайтын адам. Өзін ойламайтын, халықты ойлайтын

РКС: Еркін Әуелбековтің ескерткішін орнатуға ел болып 4 сағат ішінде қорға  қомақты қаржы жинады. Бұл игі іске Ақмола, Қызылорда облыстарымен қатар, Торғай өңірінің  тұрғындары да атсалысты. Жиналған қаражаттың барлығы тау-тұлғаның ескерткішіне  мақсатты жұмсалады.  

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...