ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

22:01, 1 қараша 2021

 

ДИКТОР: Тәуелсіздіктің 30 жылдығында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін әртүрлі іс-шаралардың саны артып, жаңа бастамалар қолға алынды.  Бүгінгі күні ана тілін білем деушілерге бар жағдай жасалған. Әр ауыл-аймақтарда тіл үйрететін курстардың саны артқан.

РКС: «Тілі өлген ел-тірі өлген ел» демекші, қазіргі уақытта қазақ тілін білмейтін, оның маңыздылығын түсінбейтіндердің саны аз емес. Бұл бүгінгі күні аса өзекті мәселеге айналып отыр.  Сондықтан да, ана тілінде сөйлеу, ойлау мүмкіндігі әр жан үшін әрдайым қолжетімді болуы қажет.

СНХ:  ӘМИНА ҚАУКЕЕВА,  АУДАНДЫҚ  ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ:  Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту бөлімінің комунналды мемлекеттік мекемесі Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы қаулысымыен құрылды. Осы аралықта 326 адам мемлекеттік және ағылшын тілін үйренсе, биылғы жылы 70 адам тіл үйренуде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсанында елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, үш тілділіктің маңызын насихаттау аясында жыл сайын «Тілім менің», «Тіл шебері», «Тіл дарын» аудандық байқаулары, ағылшын, қазақ тілінде ашық сабақтар, тәрбиелік сағаттары өткізілуде.

РКС: Еліміз мықты мемлекет болып, халықаралық аренада тұғырын биік ұстау үшін бірнеше факторларға аса мән беруіміз қажет. Солардың бірі-тіл. Оның мәртебесін арттыру және қазақ тілін насихаттау біздің басты міндет, дейді Сымбат Зекенова.

СНХ:  СЫМБАТ ЗЕКЕНОВА , АУДАНДЫҚ  ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін барлығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол-қазақ тілі.

РКС: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тіл маңыздылығына аса мән беруде. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік тіл мәртебесінің артқанын айтты.  

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ХАЛЫМ ПАНИЯ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...