ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

18:54, 16 қараша 2021

ДК: Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жерлестеріміз жеңіспен оралды. Қазір бұл спорт түріне жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары. 3 бірдей ақмолалық ойыншы сайыста ширақтық танытып, топ жарды.

РКС: Ажар Сәрсенбай – Назарбаев зияткерлік мектебінің 5-сынып оқушысы. Тоғызқұмалақтан өткен турнирден 1-орын алды. Мақсаты – ұлттық спорттың аясын кеңейтіп, әлемге таныту.

СНХ: АЖАР СӘРСЕНБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы ұлттық ойын түрі тоғызқұмалақты ойнағанды жақсы көремін. Ұстазыммен бірге  10 жасымнан бастап үйренуді қолға алдым. Қазірдің өзінде әлемде тоғызқұмалақты мойындап, танылып жатыр. Сол үшін біз де жастар оны насихаттауымыз керек.

РКС: Күзгі демалыста қол қусырып жатпағандардың бірі Бернар Күлтеміров те жүлдеге ілікті. Онлайн форматта өткен спартакиада – жас өскін үшін таптырмас тәжірибе. Мектептің ғана емес, Ақмола облысының намысын қорғаған жеткіншек 3-орынға ие болды.

СНХ: БЕРНАР КҮЛТЕМІРОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Тоғызқұмалақ адамның математикалық тұрғыда санасының дамуына мүмкіндік береді. Сол себепті де бұл спорт түріне көп көңіл бөлемін. Ойын да қызықты өтті. Қарсыласым да мықты болды. Дегенмен өзіңе сенсең, әр адымыңды бақыласаң, жеңіске жетуге мүмкіндік бар.

РКС: Мектеп бітіруші түлектер қазір емтихандарға қызу дайындалып жатыр. 12-сынып оқушысы Нұрсәуле Бөленбай тіл үйренумен қатар, ұлттық ойынның қызығын да кіріскен. Айтуынша, заманауи оқушы ұлттық дәстүр мен қатар жаңа тенденцияларды қатар меңгеруі тиіс.

СНХ: НҰРСӘУЛЕ БӨЛЕНБАЙ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы жарысқа дайындалғанд,  бұдан бөлек , IELTS, олимпиадаларды қатар алып жүрдім. Әрине мен үшін оңғай болмады. Жүктемемнің көп екеніне қарамастан жеңіске ұмтылдым. Жалпы осы спорт түрін елімізде дамтыуды қолға алу керек. Сонда әр бала ақылды, білімді болады.

Интершум: тоғызқұмалақ ойыны

РКС: Сонымен қатар кіші жас тобында жалпы командалық 2-орынды Ажар Сәрсенбай мен Бернар Күлтеміров алды. Жетекші ұстаз Қанат Белгібаев өрендердің жеңіс тұғырынан көрінуіне сеп болған.

СНХ: ҚАНАТ БЕЛГІБАЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:  Аталған спорт түрінен жеңіске жеткен оқушыларымыз ойынға тыңғылықты дайындалды. Олардың әрқайсысы білімді, саналы оқушылар. Мұндай конкурстарды жиі өткізсе, ұлттық ойынымыз кеңінен насихатталады. Мәселен, мұны мектеп бағдарламасына енгізу керек. Сабақ немесе үйірме ретінде оқуды қолға алу керек.

РКС: Желілік сайыста 90 оқушы өзара бақ сынады. Қазақтың ежелден келе жатқан зияткерлік ойынының жаңғыруына, дәстүрлі түрде насихатталуына алдағы уақытта да зор көңіл бөлінбек.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...