ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

«TOPIQ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

20:49, 9 қараша 2021

ДИКТОР: Енді мектеп оқушылары ауыр кітаптарды арқаламаса да болады.  65 мектеп оқулығын «TopIQ» электронды платформасына біріктірген «Алматыкітап» баспасы бірегей шешім ұсынды. Мультимедиалық қосымшалары бар оқулықтар Білім және ғылым министрілігі бекіткен стандартқа сай. Осылайша тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мектеп оқушыларының цифрлық мүмкіндіктері арта түсті.  

РКС: Көкшетауда алғашқы отандық электрондық оқулықтардың қосымшасы таныстырылды.  «TopIQ»  деп аталатын жүйеге 1-11 сыныптың 65 оқулығы  цифрлы форматқа ауыстырылып, жүктелген.  Жүйеге тіркелген қолданушы үшін кез келген жерде, кез келген уақытта оқулықтар қолжетімді. 

СНХ: ӘСИМА РЫСҚҰЛБЕКОВА, «АЛМАТЫКІТАП» БАСПАСЫ ЦИФРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Электрондық оқулықтардың ерекшелігі – бұл баспа оқулықтардың мазмұнына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік білім стандартына  және пәннің оқу бағдарламасына сәйкес. Және мазмұны интерактивті тапсырмалармен сонымен қатар, мультимедиялық өнімдермен толықтырылған. Яғни, бала ақпаратты түрлі сезім мүшелері арқылы көру, есту,  тыңдау арқылы жақсы қабылдауға арналған.

РКС: Баспагерлердің айтуынша, электронды кітап онлайн әрі офлайн оқу форматтарына да ыңғайлы. Түрлі себеппен жол  жүрген жағдайда да қалың кітапты арқалаудың қажеттілігі жойылады. Пандемия уақытында аталмыш цифрлы оқулықтарды оқушылар тегін қолданыпты. Ал бүгінгі күні елдегі 109 мектептің 130 мыңнан астам оқушысы ақылы негізде пайдаланып отыр.

СНХ: ӘСИМА РЫСҚҰЛБЕКОВА, «АЛМАТЫКІТАП» БАСПАСЫ ЦИФРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер бір жазылым болса, платформада қанша оқулық бар соның бәріне бір жазылым арқылы қол жетімді. + Көпбалалы отбасылар үшін бұл өте тиімді. Балаларға үй тапсырмасын орындатуда ата-аналарға көмекші құрал.

РКС:  Айта кетейік, ақылы жүйеге 9 айға тіркелу 9900 теңге. Мектеп жасындағы бірнеше баласы бар отбасылар үшін ортақ бір аккаунт алуға болады екен.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...