ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

20:25, 22 шілде 2021

ДК:  Зеренді ауданында мал шаруашылығы өркендеп келеді. Оған мемлекеттік бағдарламалар барынша оң ықпал етіп отыр. Бүгінгі таңда ішкі сұранысты жергілікті өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік молайған. Аймақтың мал басын көбейтудегі жетістіктері жайында тілші бейнематериалында.

РКС: Облыста сонау Тәуелсіздік алғаннан бері ата кәсіпті дамытып, ет өнімін еселеуге ерекше ден қойылып келеді. Бұған дейін мал басын көбейтуді көздеген келелі бағдарламалар қаржыландырылды. Төрт түлік саны жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, Зеңгі баба тұқымын молайтуға мейлінше мән беріліп отыр.

СНХ: СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 90-жылдардың басында ірі қара мал саны 45 мың болса, бүгінгі таңда 55 мыңнан асып отыр. Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 5 мың ғана сүтті сиыр болса, қазір мал басы 23 мыңнан асты. Алғашында 5 мың жылқы ғана есепке алынса, ал биыл оның саны 27 мыңға жуық болып отыр.

РКС: Қазір кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында қаржылық құралдардың сан алуан түрі ұсынылған. Гранттық, жеңілдікті қаржыландыру, субсидиялар, несиеге кепілдік беру тәрізді тиімді тетіктер бар.

СНХ: СЕРІК САБЫРОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға зор көмек болды. Оның бірі – субсидия. Қазір осы арқылы шаруаларымыз мал басын көбейтіп жатыр. Алайда жер жайылымдары деегн бір ғана проблема бар. Мемлекет те осы мәселені шешуге ерекше көңіл бөліп отыр.

РКС: Ендігі бір басты мақсат - экспорттық әлеуетті арттыру. Ол үшін асыл тұқымды мал басын көбейтіп, сапалы өнім дайындау сынды салмақты міндетті назарға алынды. Сонда ғана көздегенге қол жеткізіліп, ауданның ғана емес, аймақтың экономикасы да қарқынмен алға баспақ.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...