ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

17:32, 18 наурыз 2020

ДК:  Елдегі төтенше жағдайға байланысты жекелеген кәсіпорындардың жұмысы шектелген. Сәйкесінше жұмысшылардың жұмыс кестесі де өзгертілуде. «Тыныс» кәсіпорны жұмысшылар алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті бірінші кезекке қояды. Алпауыт зауытта еңбек заңдылықтары қатаң сақталған. Цехтар жұмысы да қалыпты кестеге сәйкес жүргізілуде. Санитарлық ережелерді сақтау мәселесі кіре берістен-ақ талап етіледі.

STAND-UP:ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, РЕДАКТОР///Зауыт аумағына жұмыспен келген әрбір адам ең әуелі қолын осындай антисептикпен зарарсыздандырулары қажет. Тек содан кейін ғана зауыт ішіне кіруге болады....

РКС: Есіктің тұтқалары барлығы санитарлық талаптарға сай тазартылып отырады. Санитайзерлер орнатылған. Маска киіп жүру мәселесін медбикелер бақылауға алған. Қолды дезинфекциялағаннан кейін барып қана жұмысқа кірісуге болады. 

СНХ: ЛЮБОВЬ ПРОЩИНСКАЯ, «ТЫНЫС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЕДИЦИНА БЕКЕТІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ///аударма /// Көрдіңіз бе, біз бәрін бақылап тексеру жүргіземіз. Барлық санитарлық талаптар сақталады. Бізге антисептиктер,  үлкен бөтелкелердегі сұйық сабындар берілді. Біз оны құрылғыларға құйып, шашыратқыштар қойып қойдық.

РКС: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі төтенше жағдай кезінде  барлық кәсіпорындар меншік нысанына қарамастан, қашықтықтан жұмыс істеуге көшу керектігін айтты.  Бірақ, барлық жұмысты онлайн режиміне ауыстыру мүмкін болмайтын жағдайлар бар. «Тыныс» зауыты қалыпты жұмыс кестесі бойынша еңбек етуде.  

СНХ: БЕЙБІТ НҰРАХАЕВ, «ТЫНЫС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ///қазақша//Жұмыс уақыты өзгерген жоқ. Барлық санитарлық нұсқаулар қатаң сақталады.///

РКС: Еңбек Кодексінің 70 бабы жұмыс берушіге қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқық береді. Яғни, жұмыс сағаты азаяды. Бірақ, зауытта мұндай қажеттілік жоқ. Ұжым толығымен жұмыс істеп жатыр.  

СНХ: НҰРЖАН СЕЙТЕНОВ, ҚҰЮ-БАЛҚЫТУ ЦЕХЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма// Біздің цех бұрынғыдай жұмысын жалғастыруда. Таңғы сағат 8 ден кешкі 5 ке дейін. Түскі ас 12.20-дан 12. 40-қа дейін. Зауыт басшылығы көптеген антисептиктер мен тазартқыш құралдар сатып алған. Шеберханалар мен бөлімдерде жеткілікті. Күні кеше маскалар барлық жұмысшыларға таратылды. Әр бөлімнің кіре берісіне шашыратқыш тазартқыштар орнатылған. Әрбір ауысымның алдында цехтар мен бөлмелер тазартылады. ///

РКС: Еске салайық, зауыт бүгінде бірнеше мәрте пайдалануға арналған маскалар шығара бастады.  Өнімге деген сұраныс күн санап артуда.

СНХ: ЕРЖАН ҒАЛЫМҰЛЫ, «ГОЛД АЕG» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ///қазақша// Біз «Тыныс» зауытына маска сатып алу үшін келдік. Біз алдын-ала төлем жасап, жұмысшыларымыз үшін  тапсырыс бердік. Қалада бірнеше күн бойы дәріханаларда маска табу қиын болып тұр. + Бізге шамамен 200 дана керек. ///

РКС: Маска тігуге арналған шикізат Ресейден сатып алынады. Бұл мата мен резеңке жолақтар. Масканың сатылымдағы бағасы 270 теңге. Әзірге «Алтынтау-Көкшетау» кәсіпорны 60 мың маскаға  тапсырыс берген.  

СНХ: АЙБЕК ҚАБИЕВ, «ТЫНЫС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ САТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма/// Бүгінгі таңда 8 мың маска тігілді. Бұл құқық қорғау органдарына, әлеуметтік мекемелерге арналған. Тағы 3 мың маскаға жетерлік материал бар. 90 мыңға жуық маскаға тапсырыс берілді. Жетіспеушілік бар, бірақ біз шикізатқа тапсырыс бердік, олар үш-бес күн ішінде жеткізіледі. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты шекарадан  қалай өтеді деген мәселе туындап тұр. ///

РКС: Елдегі төтенше жағдай кезінде ең әуелі ірі өндіріс орындарындағы жұмысшылардың жұмыс кестесіне ерекше назар аударылады. Себебі, азаматтардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалуы тиіс. Биылдан бастап ҚР «әлеуметтік сақтандыру» туралы заңына  өзгертулер енгізілген. Егер қызметкер жұмыстан босатылса, себебіне қарамастан 6 ай көлемінде мемлекеттік сақтандыру қорынан әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы. Төлем мөлшері жалақының 40 процентін құрайды.   Ол үшін жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Мұны қашықтықтан рәсімдеуге де болады.  Бұдан әрі әлеуметтік төлем онлайн түрде рәсімделеді.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

21:17, 28 мамыр 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...