ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

17:35, 18 наурыз 2020

 

ДИКТОР: Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады. Осылайша, адам көп жиналатын мекемеге келмей-ақ, өзіңіз бен отбасыңыздың қауіпсіздігін сақтай аласыз. Мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері тұрғындарға үндеу жариялауда. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.  

 

РКС: Есіктен кірген азаматтарға кіре-берісте қызмет көрсетіліп жатыр. Ғимарат ішіне адамдардың топырлап кіруіне жол берілмеуде. Санитарлық-дезинфекциялық жағдай  қатаң сақталған. Мемлекеттік кірістер департаменті  штаттық режимде жұмыс істесе де, сақтық үшін халықтың көп келмеуін сұрап, үндеу жариялауда.

СНХ: МӘРИЯМ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ://русс//:Еліміздегі коронавирустық инфекцияға байланысты енгізілген төтенше жағдайға орай тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуларын сұраймыз. Осылайша, адамдар арасындағы қатынасты азайтқанымыз абзал. Аумақтық салық басқармасы ұсынатын 14 мемлекеттік қызмет түрінің 13-ін электронды түрде алуға болады. Сондықтан, салық төлеушінің жеке кабинеті мен  Үкіметтің электронды порталын пайдаланыңыздар демекпіз

РКС: Бұған қоса заңды және жеке тұлғалардың декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгендіктен, 30 күнтізбелік мерзімге шегеру туралы шешім қабылданды. Салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, қарыз кейінге шегерілсе, оған өсімпұл салынбайды. Нысандарға барып, кедендік және салықтық тексерістер жүргізу азайтылады. Туындаған сұрақтар бойынша кеңес беретін арнайы байланыс орталықтары ашылған. Немесе 1414 телефон нөміріне хабарласа аласыздар. Ал халыққа қызмет көрсету орталығы әзірше әдеттегідей штаттық режимде кешкі 8-ге дейін жұмыс істеуде. Бұл орталықтың басшылығы да тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуды ұсынуда.

СНХ: БАУЫРЖАН ЕРІМБЕТОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: //русс//: Бұл үшін бүгінде барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік қызметті смартфондарға орнатылатын «Egov.mobile» қосымшасы, әлеуметтік желі және Электронды Үкімет порталы арқылы алуға болады. 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрі электронды форматқа көшірілген.

РКС: Орталық мамандары маска тағып, медициналық қолғаппен қамтамасыз етілген. Екі сағатта бір рет санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, орталықтарға келетін халықтың саны екі есеге азайған.  

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
19:39, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
19:34, 13 сәуір 2021
ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ САХНАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЮЗИКЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
19:40, 7 сәуір 2021
ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 150 ЖЫЛ!
Толығырақ...