ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ӨЛКЕТАНУЛЫҚ-ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20:04, 20 маусым 2022

 

ДК: Еліміз бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінде өлкетану-зерттеу экспедициясының жұмысы басталды. Үздік деп танылған 40-тан астам мектеп оқушысы іріктеліп алынған. Биылғы экспедиция «Туған елге тағзым» ұранымен 5 күн бойы жүргізілмек.

РКС: Өлкетанулық-зерттеу экспедициясы Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Пандемияға байланысты соңғы 2 жыл жұмысын тоқтатып, биыл қайта жаңғырды. Зерттеу жұмыстарына Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы үздік деп танылған «Көкшетау» және «Алатау» шаңырақтарының оқушылары қатысуда.

СНХ: ЕРБОЛАТ ЫДЫРЫСОВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Экспедицияның басты мақсаты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Іріктеуден ең үздік шаңырақ оқушылары алынды. Әрбір оқушының шаңырақ жетістігіне қосқан үлесі маңызды. Спорт жағынан, тәрбие жағынан қосқан үлесі барлығы  балмен есептеледі де ең көп  ұпай жинаған шаңырақ жеңіске жетеді. Жыл сайын өткізіледі.  жас ерекшеліктеріне қатысты шектеулер жоқ.

РКС: Экспедиция мақсаты оқушыларды туған жерінің салт-дәстүрімен және құндылықтарымен таныстыру. тарихи-мәдени орындарға саяхат жасау. Сондай-ақ, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу. Оқушылардың танымдық, адамгершілік және эстетикалық дамуының, жеке тұлғаның патриоттық сезімі мен рухани ұстанымдарын қалыптастыруды көздейді.

СНХ: БАНУ СӘДУАҚАСОВА, ЭКСПЕДИЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Туған елге тағзым жобасы өте қызықты. Оқушылар үшін туған жер мен ел тұлғаларын тануға үлкен мүмкіндік. Жоба аясында біз мұражайларға, Щучъе-Бурабай курортты аумағы және Көкшетаудың табиғаты мен қызықты жерлерін саяхаттайтын боламыз. Осы жылы бірінші рет қатысып тұрмын және өте қуаныштымын!

РКС: «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы 5 күн бойы қойнауы тарихқа толы қасиетті жерлерге саяхат жасамақ. Экспедиция маршутында жақын маңдағы аудандар мен облыс орталығындағы мұражайлар бар.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...