ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ

19:38, 22 қазан 2021

ДИКТОР:  Жастар еліміздің болашағы. Сондықтан да бүгінгі өрендер үшін атқарылып жатқан игі істердің басты мақсаты-болашақтың кемел болуы. «Нұр Отан» партиясы жол картасы аясында бірқатар бастамаларды қолға алд

РКС:  Қазіргі уақытта жастарды жайлы жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті. Қалаға арман қуып келген жас өрендердің қамсыз білім алуына барынша жағдай жасау біздің басты міндетіміз.  Студенттер үшін жаңа жатақханалар салынып жатыр. Жол картасын іске асыру шеңберінде «Жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері үшін 2700 орындық  7 жатақхана салу»  бастамасы қолға алынды.

СНХ: ЖАЙЛАГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Жол картасы шеңберінде 2022 жылға дейін жатақханалар салу керек деп бекітілген болатын. 2019 жылдан бастап біздің университет 500 орындық жатақхана салу үшін инженерлік геодезиялық, геологиялық  жұмыстар жүргізді. Қалалық су құбыры, әлектр және жылу желілеріне қосу мақсатында Көкшетау қаласының жабдықтау ұйымдарынан техникалық шарттарын алды. Қаражатты үнемдеу мақсатында авторлық жоба таңдалып алынды.

РКС: Бүгінгі күні жатақханалардың саны аз. Білім алушыларға жетпейді. Мұндай жағдайда кәмелетке толмаған 1 курс студентерінің орналасуына басымдылық беріледі. Қалғандары пәтерден пәтерге көшіп немесе туыстарының үйінде тұруға мәжбүр. Сонымен қатар, берілген жатақханалардың санитарлық нормаға сай болуын қатаң бақылауға алу қажет. Бұл мәселелердің барлығы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланды.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жас отан жастар қанаты 2018 жылдан бастап студенттік жатақханалдарды мониторингтеу жұмыстарын атқаруда. Біз жатақханаларда әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың жасалуына, санитарлық нормалардың қатаң сақталуына аса назар аудардық.  Мониторингтік топтың құрамына қоғамдық кеңестің,жас депутаттар корпусының және БАҚ өкілдері кірді. Бүгінгі күні жоғары оқу орындары мен колледждер, ең біріншіден, 1 курс студенттерінің жағдайын жасауға тиісті. Себебі олар әлі кәмелет жасқа толмаған.

РКС: Болашақтың іргетасын қалау мақсатында игі шаралар  қолға алынып жатыр. Бұның барлығын елге салынған инвестиция деп білген жөн.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...