ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТҮЛКІЛІ АУЫЛЫНА–100 ЖЫЛ!

21:56, 18 шілде 2022

ДИКТОР: Бурабайдың баурайындағы Түлкілі ауылына биыл – 100 жыл. Айтулы күнді ауыл тұрғындары дүркіретіп атап өтті. Ауыл іргесіне ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындардан  түрлі жарыстар мен көңіл көтерер мерекелік кеш те ұйымдастырылған. Түлкілінің торқалы тойын әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы көріп қайтты.

 

РКС: Қойнауы қазынаға толы, қаймағы бұзылмаған Түлкілі ауылының тарихы тереңде жатыр. Златополье ауылдық округі құрамындағы елдімекен. Іргесі 1931 жылы қаланған. Қазір мұнда 15 үй түтін түтетіп отыр.  

СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл атаулы күннің Сіздер үшін маңызы зор. Көптеген азаматтар осы ауылдың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Жастар оларды ұмытпайды, қастерлейді. Ауылымыз көркейе берсін. Әрбіріңізге денсаулық, отбасыңызға бақыт пен байлық тілеймін.

РКС: Тойға жиналған халықтың қарасы қалың. Мұнда көрші ауылдардан да келіп, жергілікті жұртты құттықтап жатқан ағайын көп. Шара барысында аға буын өкілдері, қазыналы қарттар жастарға ауылдың тарихы жайлы айтып, оның негізін қалаудағы қиындықтарымен бөлісті.

СНХ:ЖЕҢІС ТОҚСАНБАЕВ, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ: Бұл менің өскен жерім. Қазір 75-ке келдім. Өзім осы ауылда 30 жыл еңбек еттім. Осында ең бірінші колхозды бастаған Дауылбаев Нұрмұхамбет, Иманбаев Жаныбай деген азаматтар болды. Целина кезінде Яков Фразевич деген кісі болды. Ауылға мектеп пен балабақша салды. Ол кісінің еңбегін атап кеткім келеді.  +скл+Нақты айта алмаймын бірақ естуімше осы жазық далада түлкілер көп болған. Сол себепті ауылдың аты Түлкілі болып аталып кетті.

РКС: Ауыл әсем табиғатымен ғана емес, талантты, еңбекқор азаматтарымен де елге аты шыққан мекен. Өзінің саналы ғұмырын мектепке арнаған ұстаз Сараш Жұмабаева Түлкілі ауылының тұрғыны. Білікті шәкірт тәрбиелеп, білім саласына айтарлықтай үлес қосты.

 

СНХ:САРАШ ЖҰМАБАВА, ТҮЛКІЛІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осындай жастардың, тұрғындардың ұйымшылдықтарының арқасында үлкен той болып жатыр. Бұл келер ұрпаққа үлгі өнеге. Осындай  ауызбіршіліктің арқасында, елі мен жерін ұлықтатын жастардың арқасында бүгін ұлан ғасыр той.  Осындай қуанышты күндерде жиналайық.

 

СНХ: ЕРДЕН ҚҰДАБАЕВ, ТҮЛКІЛІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Қуаныш сезімі кернеп тұр. Барлығын көргеніме қуаныштымын. Ауылымыз көркейе берсін.

ИНТЕРШУМ:Ат жарыс

 

РКС: Ат жарыс, қазақша күрес, арқан тартыс сынды түрлі жарыстарға ауыл жастары жең түре қатысты. Жиналған халық әсем әнге құлақ құрышын қандырып, көңілдері марқайып қалды.

 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...