ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ АШЫЛДЫ

19:18, 13 маусым 2022

ДК: Балаларға базарлық. Өңірде тұңғыш рет кішкентай көрермендерге арналған қуыршақ театры ашылды. «Алтын сақа» деп айдар таққан театр өз шымылдығын орыстың «Сиқырлы қоян» ертегісімен түрді. Балалар жылы аясында ашылған қуыршақ театры алдағы уақытта басқа да қойылымдар сахналап, көрермендерді қуантпақ ниетте. Театрдың алғашқы премьерасын әріптесім Абзал Азаматұлы  көріп қайтты.

ЕСТ.ШУМ: ҚОЙЫЛЫМНАН ҮЗІНДІ

РКС: Бұл шаһардағы Ақан  сері атындағы жоғары мәдениет колледжіндегі бірінші курс студенттерінің туындысы. Дауыстарын құбылтып, ертегіге еніп кеткен жастарды бір тыңдағанда кәсіби әртіспе деп қаласың. Иә, болашақ әртістер қуыршақтарды еркін ойната отырып, қойылымды жоғары деңгейде қойды. Оны жиналған халықтың ықыласынан білуге болады. Ал, кенжелеп қалған қуыршақ театрын жаңдандырып, халыққа керемет көңіл күй сыйлаған жанның бірі – Шәріп Ұзақов. Қос жанарынан айырылған қайраткер балаларды дайындап, өз қуыршақтарын да беріпті.

СНХ: ШӘРІП ҰЗАҚОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:  Сіз драманы 5 жыл оқысаңыз, қуыршақты да 5 оқисыз. Айырмашылығы драмада 2 жыл драманы оқытып, 3 жылдан қуыршақты қосады. Қуыршақтың системасы бөлек. Оны отырғызып, тұрғызуының өзінде үлкен мән бар. Оның барлығы ақырын уақытпен келеді.

РКС: Айталық, алғашқы қойылым өскелең ұрпақты қоршаған ортаға махаббат пен мейіріммен қарауға шақырады. Жан-жануарлар арқылы қоғамдық тұтастықты, бейбіт өмірдің тыныштығын күзетуді үгіттейді. Ендігі кезекте театр ұжымы репертуарларын байытып, қаладағы мектеп пен балабақшаларын аралауды жоспарлап отыр.  

 

СНХ: НҰРИСЛАМ ӘБДІЛ, «АЛТЫН САҚА» ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қуыршақ театрының алдағы жоспары біз осы Шәріп Ұзақовтың өзінің жеке қорында сақталған 4 қуыршақты пайдаланып, жаңа репертуар қосқымыз келеді. Яғни ол қорда «Алдар көсе» мен «Қаңбақ шалдың» қуыршақтары бар екен. Ал, осы қойылымды қаладағы балабақшалар мен мектептер сахнасында қойсақ деген ойымыз бар. 

РКС: Сондай-ақ, театр жетекшісі мен қойылымның қоюшы режиссері журналисттер БАҚ өкілдерімен жеке кездесіп, театрдың бүгіні мен ертеңі жайы сөз етті. Онда қуыршақ театрына алдағы жоспары мен репертуары талқылады. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан бойынша 8 ғана қуыршақ театры бар. Ал, Ақмола облысында ашылған тұңғыш театрға бізде сәт-сапар тілеп тарқастық.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...