ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР

12:59, 21 шілде 2022

ДИКТОР: Азық-түлік бағасы тұрақсыз. Инфляция шарықтады. Республикада да, өңірде де осы жағдай. Мәселе қалай шешілмек? Қандай шаралар қолға алынды? Тілші айтсын.

РКС: Өңірде бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шара қолға алынды. Ол белгіленген механизм бойынша жүзеге асып жатыр. Ең маңыздысы тұрақтандыру қоры. Оның жұмысына «Көкше» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жауап береді. Бүгінде облыстың тұрақтандыру қорында 1 мың тоннадан астам өнім бар. Ол әрдайым толықтырылып тұрады. Қордағы өнім тауар өндірушілерден тікелей жеткізіледі. Шеттен тауар әкелу жұмыстарымен де солар айналысады.  Жыл басынан бері тұрақтандыру қорынан 1 мың тоннадан астам тауар сатылды.

СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бағаны тұрақтандыру басты мақсат. Бірқатар шара қолға алынды. Солардың бірі- елдімекендерде орналасқан дүкендердегі бағаны тұрақтандыру. Бүгінде тұрақтандыру қорының тауарлары өңірдің 14 дүкенінде сатылады. 10 ауданмен тұрақты түрде жұмыс істейміз. Оларға нарықтан төмен бағада тауар жеткіземіз. Мысалы, «Зеренді маркет» дүкенін алайық. Ондағы өнімдердің барлығы тұрақтандыру қорынан жеткізілген.

РКС: Өңірде тұрақтандыру қорын толықтырудан бөлек тағы бірқатар шара қолға алынған. Солардың бірі-тауар желілеріне несие беру. Яғни, қарыз алған сатушылар өнімді тек белгіленген бағада ғана сатуы тиіс. Бұл басты шарт. Әрине, бұл тек  белгілі бір кезеңді ғана қамтитын шара. Алайда оның өзі азық-түлік бағасының тұрақталуына сеп болмақ.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тауар өндірушілерге де, тауар желілеріне де бір жылға дейін қарыз беріледі. Олар осы уақыт аралығында біз қойған талаптарды орындауы қажет. Осы арқылы келісімшарт жасаймыз. Несиені жеңілдікпен  0,1 процент жылдық мөлшерлемеде алуға болады.

 

РКС: Бүгінде облыста 3 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар. Жақын арада тағы бір мың тоннаға жуық тауар жеткізіледі. Келісім-шарт жасалды,-дейді сала мамандары. 

 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА  ӨСЕДІ
12:58, 21 шілде 2022
БИЫЛ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ТАҒЫ ДА ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар