ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР «ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНЕН» ҚАУІПТЕНУДЕ

19:42, 14 қазан 2021

 

ДК: Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында хат жазу сирек кездесетін құбылысқа айналды. Тіпті, соңғы уақытта қолжазбалардың мазмұны үрей тудыра бастады. Нақтырақ айтсақ, тұрғындары бір кездері «белгісіз ұйқы ауруына» шалдыққан Есіл ауданының Калачи ауылын енді белгісіз хаттар мазасын қашырды. Бұның себебі неде? Толығырақ тілші бейнематериалында.

ИНФОГРАФИКА: «Қайырлы күн! Менің атым Аружан. Біз сізбен таныс емеспіз. Бұл хатты оқып сіз таң қалып отырған боларсыз. Негізі мен түрлі тақырыпта осындай хаттар жазамын. Себебі, бұл жазбалар менің оқырмандарымды үлкен қуанышқа бөлейді деп ойлаймын. «Библияның» дәл сізге қалай көмектесе алатынын білгіңіз келеді ме? Онда маған жазыңыз ... »

ЖКС: Калачи ауылы тұрғындарының пошта жәшігінен табылатын хаттардың негізгі мазмұны осы. Олардың айтуынша, түсініксіз хаттар аптасына 3-4 рет келеді.

СНХ: ДАРЬЯ КРАВЧУК, КАЛАЧИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ехоба куәгерлерінен» түрлі хаттар келді.  Тіпті, маған соңғы 3-4 айда аптасына 3-4 рет қоңырау шалды. Хабарласқан кезде есімімді сұрады. Ал  біздің нақты жеке басымызға қатысты деректерден хабардар емес екендігін түсіндім. Өз басым егде жастағы адамдар мен балаларға көбірек алаңдаймын. Себебі балалардың психикасы әлі қалыптаспаған. Сенгіш келеді. Ал мына бейтаныс адамдар өз сенімдерін айтып, моральдық тұрғыда көмектерін ұсынады. Құдайға сенесіз  бе, сенбейсіз бе деген сауалдар қояды.

ЖКС:  Негізінде  «Ехоба куәгерлері» атты діни ұйымы туралы естігендердің дені көп. Бірақ, ауыл тұрғындарының көпшілігі хаттардың мазмұны мен қоңырау шалған кездегі сөйлесулер туралы жариялағысы келмеді. Ал, үш айдан бері бейтаныс адамдар қоңырау шалып, тыныштығын бұзған Ирина Дуракова бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдірді.  

СНХ: ИРИНА ДУРАКОВА, КАЛАЧИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған да бейтаныс адамдар қоңырау шалды. Тұтқаны алғанымда, өзін таныстырып өтіп, Алматыдан қоңырау шалып жатқанын айтты. Мен қалай өмір сүремін, материалдық жағдайым қандай, Құдайға сенемін бе деген сияқты сұрақтар қойды. Сөйлеспеймін деп едім, бой бермей өздерінің діни көзқарастарын ұсына бастады.

ЖКС: Осылайша, «Ұйқы» ауруынан енді айыққан Калачи ауылының тұрғындары жаңа «эпидемияға» тап болды. Ауыл тұрғындары «Ехоба Куәгерлерінен» келіп жатқан хаттардан үрейленіп отыр. Осындай жағдайға тап болған Валентина Степанова медициналық пунктте жұмыс істейді. Оның анасына да бұлар тыныштық бермей, жиі қоңырау шалатын көрінеді.

СНХ: ВАЛЕНТИНА СТЕПАНОВА, КАЛАЧИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ол өзін Алматыдан хабарласып тұрмын, есімім Эльвира деп таныстырды. Түрлі сұрақтар қойыпты. Анам бірінші күндері онымен диалог құрып, сөйлескен еді. Кейін мұндай жағдай күнде қайтала берген соң анам ашулана бастады. Мен сосын телефон тұтқасын көтермеңіз дедім.

ЖКС: Төрт ай ішінде ауыл тұрғындары 40-тан астам хат алған. Ондаған қоңырау шалынған. Енді тұрғындар, «басымызды айналдырып тастайды» деп қауіптеніп отыр. Тіпті, телефонға жақындауға да қорқып қалған. Қазақстанда барлығы «Ехоба куәгерлерінің» 60 филиалы жұмыс істейді. Олар 2011 жылдың соңында қабылданған «Дін туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес қайта тіркеуден өтіпті. Ең ірі одақтары Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Олар «Библияны» зерттеуді уағыздап, үйлерді аралап жүр. Олардың көздегені - өздерінің көзқарастары мен сенімдерін енгізу. Діттеген мақсаттарына жету үшін олар айрандай ұйып отырған отбасыларды бұзып, жақындардың арасына іріткі салудан да кетәрі емес. Бұл түрлі дереккөздерінде де көрсетілген. Мысалы, 2020 жылы Шымкент қаласының тұрғыны Мұрат Құмаров жергілікті телеарнаға көмек сұрап жүгінген. Айтуынша, «Ехоба куәгерлері» жанұясының шырқын бұзып, туған балаларын көру мүмкіндігінен айырған... Міне, осындай фактілер жетерлік...

ЖКС: ГАЛИНА БЕССМЕРТНАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫАқмола облысында «Ехоба куәгерлерінің христиан қауымдастығы" жергілікті діни бірлестігі жұмыс істейді. Ол ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қайта тіркеуден өтті. Діни ұйымдардың қызметі "діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" ҚР Заңдарымен реттеледі. Айта кету керек, ағымдағы жылдың ішінде облыс тұрғындарынан діни бірлестіктердің қызметіне, оның ішінде "Ехоба куәгерлері" қауымдастығына бірнеше рет шағым түскен. Осыған байланысты діни бірлестіктердің өкілдерімен дін саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

ЖКС: Құлақтарыңызға алтын сырға! Кез келген тұрғын осындай жағдайға душар болғанда «Ақмола облысының дін істері басқармасына» мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89 үй, 4 қабат, 417, 420-шы кабинет, немесе 51-13-50, 51-13-62, 50-19-96 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалыңыздар!

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...