
ДИКТОР: Облыс орталығындағы Бауыржан Момышұлы мен Гагарин көшелерінің қиылысындағы жолмен жаяу жүргінші түгілі көліктің өтуі бір азап. Бұл учаскеде жөндеу жұмыстары осыдан үш жыл бұрын басталған. Ол қашан аяқталады? Тілшіміздің бейнематериалына назар аударыңыздар.
РКС: Гаарин көшесінің бойында басталған жөндеу жұмысына тұрғындардың өкпесі қара қазандай. Қардың күрт еруі салдарынан бұл жердің миы шығып жатыр. Бұл учаскедегі көлік қатынасы күндіз-түні сапырылысып жатады. Өйткені, орталық базарға өтетін көліктердің ден осы көше арқылы өтеді. Шұрық-шұрық жолмен жүру өте қиын,-дейді көлік тізгіндегендер. Соның салдарынан көп ретте жолдың қарсы бетіне шығып кету деректері де кездеседі. Осы маңда тұратын тұрғындар үшін тіпті қиын.
СНХ: ЕРМЕК ЖАНТЫҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//аударма///Осы маңда жаңа құрылыс көп салынып жатыр. Сондықтан, жолдарды бейберекет қазып тастады. Бұған дейін жаяу жүргіншілер жолы бар еді, арықтар бәрі қазылған топырақпен бітеліп қалған. Жұмысты жарты жолдан аяқтамай қалдырып кетті. Үш жыл істеу деген сұмдық қой!
СНХ: СЕРГЕЙ ТАРАДАС – ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //аударма// Жол жөндеу баслғалы, біз жұмыссыз қалдық. Бұрын әупірімдеп біздің жөндеу орталығымызға жететін, енді мүлдем келу машақат блып тұр. Қай уақытта аяқталатыны белгісіз. Біздің жұмысшылар батпаққа белшесінен батқан онға тарта машинаның тұрғанын анады. Мұндай салғырттыққа кінәлілер жазаланбай ма?
РКС: Осы көше бойында кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің айтуынша, ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары біраз шығынға батырған. Дәл қазір бұл аумақта ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Ойшық-ойшық жолмен көліктер ағылып жатыр.
ХРИП: ЮРИЙ ШИДЛОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//аударма///Жөндеу жұмыстары кезінде жол жабық екені туралы арнайы белгі қойылуы тиіс. Бұл маумаққа мердігер ұйым жауап береді. Менің қатысым жоқ.
РКС: Облыс орталығындағы коммуналдық мәселені шешуге құзырлы органның жауабы осындай. Шақшадай басы шарадай болған тұрғындар енді қайда барып шағымданарын білмей дал.
АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, КАМШАТ ТАКИШЕВА, ДАРХАН МҰЖЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ