
ДК: №39 дауыс беру учаскесі бойынша тұрғындардың белсенділігі жоғары. Бұл учаскеде 2850 сайлаушы тіркелген.Таңдау жасауға асыққандарға барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытқа дейін 200-ге жуық адам дауыс беріп үлгерген. Олардың арасында бүкіл отбасымен келген Нұрмадиевтар жанұясы бар.
РКС: Таңмен таласа келген отбасы дауыс беру жауапты іс деп есептейді.
СНХ:ГҮЛЖАН НҰРМАДИЕВА, ДАУЫС БЕРУШІ: Елімізде жаңа өзгерістер орын алайын деп отыр. Бұл еліміз үшін маңызды саяси оқиға. Мен сол елімнің болашағы үшін дауысымды беруген келдім.
РКС: Ал, 18-ге жаңа толған жас ару – Айман Шоқан дауыс беруге алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасауға келіпті. Бұрымды қыз бұл күнді асыға күткенін айтады.
СНХ:АЙМАН ШОҚАН,ЕҢ ЖАС ДАУЫС БЕРУШІ: Мен алғаш мәрте қатысып отырмын. Және ерекше сезімде болдым.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ