ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ТУРИСТІК АЙМАҚҚА САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

19:58, 7 шілде 2021

 

ДИКТОР: 2 шілдеден бері Ақмола облысы қызыл аймақта. Өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі тәулігіне  2,5 есеге артқан. Індетке шалдыққандардың 88 проценті симптомды. Инфекциялық ауруханада төсек-орынның 50 проценті бос емес. Мамандар аурудың асқынуына халықтың сақтық шараларын елеусіз қалдырғаны басты себеп деп отыр.

РКС: Шілденің басынан Көкшетау қаласы мен Бурабай,  Целиноград, Бұланды аудандарында эпидахуал  күрделенді. ПЦР-скринингке жіберілген 22 коронавирус тестінің 4-еуінен «Дельта» штаммы анықталыпты.  Аталмыш үнді штаммына,әсіресе, жастар көбірек шалдығып жатыр. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларда асқыну деңгейі ауыр, - дейді санитарлық бас дәрігер.

СНХ:  АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: /русс/ Вакцина науқаны жалғасуда. Екпе алуға жататын облыс халқының 36 проценті, яғни,  147 мың адам вакцина салдырды. Оның 100 мыңнан астамы Спутник-V  екпесін қабылдады.+ 03:15 Республиканың санитарлық бас дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша 15 шілдеге дейін қызмет көрсету саласының қызметкерлері екпе алуға тиіс. Немесе апта сайын ПТР-тестінен өтуге міндеттеледі. 

РКС: Демалыс күндері аймаққа ағылған туристер қарасы көп болды.  Эпиджағдайды бақылауда ұстау үшін алдағы күндері санитарлық бекеттер  орнатылмақ.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: /русс/ Санитарлық бекетте термометрия болады. Анкета толтырылады. Қызыл және сары мәртебелі адамдар туристік аймаққа өтіп кетпес үшін «Ашық» қосымшамен қонақтардың мәртебесін айқындау  жоспарланып отыр. Бұл қаулы алдығы демалыс күндері күшіне енеді.

РКС: 3 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызметі кешкі сағат  20:00-ге дейін шектелді. Ал  20:00-ден таңғы 9:00-ге дейін жеткізіп беру қызметіне рұқсат. Шектеулерге қарамастан, аудандар мен облыс орталығында той өткізіп, ас беріп жатқандардың қарасы азаяр емес. Мобилді топ өткен демалыс күндері 550 нысанды тексеріп, 22 заң бұзушылық анықтапты.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...