ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 5,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

20:10, 15 шілде 2021

 

ДК: Биыл облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Оның 101-і шешімін тауып, тұтынушыларға 5,5 миллион теңге қайтарылды. Ал, 166-сына  түсініктеме берілді. Департаменттің осы және өзге де жартыжылдықтың қорытындылары туралы арнайы брифинг барысында айтылды.

РКС: Тауар сатып алушылардың департаментке жүгінуі көбіне сауда нүктелеріндегі меншік иесі туралы ақпараттың болмауы, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын уәкілетті органдармен байланыса алмауынан болып отыр. Сондай-ақ, сатушылардың қарым-қатынасына шағымдану мен ақы төленгенін растайтын құжаттың берілмеуі де тіркелген.

СНХ: МАҚСАТ СЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Нәтижесінде Көкшетау қаласындағы 11 ірі сауда үйінің меншік иелері арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді. Мамыр айынан бастап жеке кәсіпкерлер мен сауда нүктелерін жалға алушыларға ақпараттық жадынамалды орналастыруға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.  

РКС: Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті  тұрғындардың бұл салада сауаттылығын арттыру үшін  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұтынушыларға дау туындаған жағдайда қалай әрекет ету керек, сотқа жүгіну үшін қандай құжаттар жинау қажет екендігі туралы ақпарат берілуде. Биыл жартыжылдықта департамент осындай мақсатта 40 іс-шара өткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘНУАР НЫҒМЕТЖАН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...