ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 75 ЖЫЛ

19:46, 22 қазан 2021

ДИКТОР: Биыл Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының құрылғанына 75 жыл толып отыр. Осыған орай өнер ордасының Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі кезекті маусымды ашып, мерекелік концерт қойды. Айтулы шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жаимов,  Светлана Айтбаева тағы да басқа танымал өнер адамдары қатысты. 

РКС: Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 75-ші маусымы Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің Гала-концертімен ашылды. 75 жыл тарихы бар өнер ордасы бүгінде өңіріміздегі алдыңғы саптағы мәдени ошақтардың қатарында.  Филармонияда 3 оркестр, камералық, фольклорлық ансамбльдер, би ұжымдары бар.

СНХР: НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Шығармашылық топтарымыз бар тағы да. Репертуарларымыз өте кңінен бай. Қазір биылғы күні әкімшілікпен Ақмола облысының әкімінің қолдауымен үлкен кантата жазылып жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайы. 16-ноябрь күні «Арқаның айбозы» атты фестиваліміз басталады. Сондықтан, үлкен көп шаралар жоспарлап отырмыз.///

РКС: 75-маусымның шымылдығын жеке концертпен ашқан Кенжебек Күмісбеков атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі 1993 жылы құрылған. Қазіргі таңда, оркестр құрамында 55 әртіс бар. Репертуарлары да жыл сайын кеңейіп, жаңа туындылармен толығып отырады. Концерт барысында «Шалқыма», «Жантаза», «Орақты батыр» тағы да басқа танымал шығармалар орындалып, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.

 СНХР: ЖАНАТ РАШИТ,  К. КҮМІСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНІҢ БАС ДИРИЖЕРІ : Бүгінгі концертке біз жаңа  шығармалар дайындадық. Және Нұрсұлтан қаласынан бізге солистер келді. Сол кісілермен бізде дайындаған жақсы концерттік номерлер бар. +  02:21-02:31 Және де алғаш рет Виктор Гридиннің «Цыганская рапсодия» шығармасы орындалады. Оны халықаралық және республикалық конкурстардың лауретары Самғара Толқынхан орындайды.///

 РКС: Кешке келген көкшетаулықтар жергілікті әртістердің ғана емес, арнайы шақыртылған қонақтардың да өнерін тамашалай алды. Сахна төрінде Халықаралық байқаулардың лауреаты Самғар Толқынхан, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жаимов пен  Светлана Айтбаевалар өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өнердегі аға буын өкілдерімен бір сахнада өнер көрсету, олардың біздің ұжымды осылай құттықтап келіп жатқандарының өзі үлкен қуаныш,-дейді филармония әртістері.

СНХР: СЕРІКБОЛСЫН БЕКМОЛДИН, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘНШІСІ: Үлкен ағамыз, Айтқалы ағамыз, Нұрлан Бекенов ағамыз сол кісілермен бірге бір сахнаға шығу, солармен бір сахнада өнер көрсету, ән айту біз үшін үлкен міндет, бір жағынан жауапкершілік іс. Бір жағынан біз өте оған қуаныштымыз. Өйткені, мұндай өнер майталмандарыменен бір сахнада өнер көрсету, әрбір әнші үшін, әрбір әртіс үшін үлкен бақыт деп ойлаймын.///

РКС: Концерт соңында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы ұжымына Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дакеновтың атынан құттықтау хаты табысталды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...