ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯҒА-175 ЖЫЛ

13:46, 30 сәуір 2021

ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония  Көкшетауда ресми түрде 1965 жылдың 1 желтоқсанында ашылған. Бұл оқиғаға соғыстан кейін 1946 жылы құрылған музыкалық ұжым мен концерттік-эстрадалық бюроның 20 жылдық ерен еңбегі сеп болды. Бүгінде аталмыш филармониядан  отандық классиканы ғана емес, шетелдік шығармаларды да жиі естуге болады.

РКС: Ақмола облыстық филармониясы бұрынғы теміржолшылар мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан. 1963 жылы салынған ғимарат  2 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр. Ондағы концерттік зал 400 көрерменді қабылдай алады. 2013 жылы ғимарат толық жөндеуден өткен.  Мәдениет саласында 34 жылдан бері жұмыс істейтін Нұргүл Шәйкенова аталмыш өнер ордасының директоры.

СНХ: НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  //рус//  Филармонияның негізгі қызметі мәдениетте академиялық музыканы дамыту. Филармония халық мұрасын насихаттап, осы бағытта тыңдаушылардың музыкалық мәдениеттін қалыптастырады. Біз өңірдегі жалғыз кәсіби концерттік ұйымбыз.  Ұжымдағы қызметкерлер  негізінен республикалық деңгейдегі музыкалық жобаларды өткізуге қатысады. Филармония музыкалық компонентпен қатар білім беру қызметін де жүргізеді. Себебі, мұнда жаңа концерттік бағдарламалар, музыкалық жобалар қалыптасып келеді.  Сол арқылы біз музыка саласындағы ақпараттық кеңістікті қалыптастырамыз.

РКС: Филармония қызметін бастағаннан бері талай шығармашылық топ пен әнші, дирижерді түлетті. Қазіргі таңда өнер ұжымында 146 мәдениет қызметкері бар. Онда солист-вокалистер мен аспапшы-солистерді қамтитын 10-ға жуық шығармашылық ұжым табысты еңбек етуде.

СНХ: НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: //рус//  Пандемия кезінде өте үлкен жобалар болды. Олардың барлығы онлайн режимде өтті. «Жас әуендері»  атты үлкен жобаны Мәдениет министрлігі ұйымдастырды. Шәмші Қалдаяқов пен Абайдың мерейтойларына арналған «Сәлем Елорда» жобасы мен түрлі челлендждер өтті. Тәуелсіздік жылдарында біз Мәдениет министрлігімен, сондай-ақ өңірлік концерттік ұйымдармен бірлесіп көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Ең бастысы-Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге арналған концерттер цикліне өте мұқият дайындалып жатырмыз.

РКС: Биыл  Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония  өзінің 175 жылдығын атап өтеді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, КӘМШАТ ТӘКІШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...