ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҰЛТ РЕТІНДЕ ҰЙЫСАТЫН КҮН

17:12, 5 маусым 2022

Диктор: Референдум өткізу арқылы конституцияның негізгі қағидасы жүзеге асып жатыр. Себебі онда биліктің қайнар көзі халық деп көрсетілген. Осы ретте ел азаматтары да белсенділік танытып, таңдауларын жасап жатыр.  Ортақ мүдде жолында, қоғам дамуы мен адамдардың құқына қатысты жұртшылық бей-жай қарап отырған жоқ. Парламент палаталарының төрағалары, Үкімет басшысы мен Мемлекеттік хатшы референдум учаскелерінде осыны аңғарған. 

КСМ: Референдум – ашық түрде ұйымдастырылды. Кез-келген пікір еркін білдіріледі. Сынауға да мүмкіндік берілген. Себебі, тағдыршешті мәселеде халық өз таңдауын жасауы маңызды. Сенат төрағасы солай дейді.

СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫОсындай үлкен мәселе халықтың өз таңдауына беріліп жатқандықтан бүкіл ел азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп,  өздерінің дауыстарын беру өте маңызды. Бұл біздің ұлт ретінде жетілгендігіміздің көрсеткіші деп қарастыруға болады.

КСМ: Елордада Үкімет басшысы Әлихан Смайылов дауыс берді. Премьер-министр Ұлттық кітапханадағы №111 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып таңдау жасады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та бас қаланың тұрғындарымен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді. Төменгі палата спикері №110 референдум учаскесіне келді. Мұнда 2 818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген. Қатарында мемлекеттік хатшы да бар. Ол референдумға қатысу – жеке таңдауым дейді.

СНХ: ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ: Әр азамат бүгінгі таңдауы еліміздің, солай өзінің де болашағын айқындайтын шара.СКЛ 03:31Өңірлерді аралап жүрген кезде бұл реформаларға үлкен қызығушылық оятқанын көрсетіп отыр. Сосын азаматтар бүгінгі сайлауға келіп, бүгін дауыс беретіндерін айтып жатты.

КСМ: Жастардың елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік даму жағдайына қатысты сұрағы көп. Сондықтан болар референдумда олар белсенділік танытып жатыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...