ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ: 3 ЖЫЛДА 1 МЫҢНАН АСТАМ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

19:50, 15 маусым 2022

ДК: Салынған жолдың сапасы жақсару үшін оған бақылау керек. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы – техникалық бақылау жүргізетін жалғыз мекеме. 3 жыл ішінде филиал республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарға 1 мыңнан аса бақылау жұмыстарын жүргізді.

STAND-UP: ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы. 2019-жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл мекеменің негізгі мақсаты – жол құрылысының сапасын бақылау. Халықаралық стандарттарға сай сынақ және жылжымалы зертханасы бар. Бүгінде аталған мекемеде тәжірибелі мамандар: лаборанттар, сарапшылар мен инженерлер қызмет етеді.

Интершум: құрылғының жұмысы

СНХ: АЗАМАТ МҰРАТБЕКОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: Процесс бірініші инженерлер жолға шығады, кейін материалдарды бізге алып келеді. Лабораторияға алып келгеннен кейін біз оларға регестрация жасаймыз, кейін әр бір материалдар талаптар арқылы сынақ жүргізіледі. Мысалы кермді жолдан алып келеді, содан кейін регистрация жасап, лаборатория әрі қарай кептіріп, тазалап нормативтік құжаттары арқылы сынаймыз. Тығыздығын және де суға қанықтығын анқтаймыз.

РКС: Жол құрылысын жүргізген мердігер келісімшартқа сай 2-ден 5 жылға дейін жолдың сапасына кепілдік береді. Дегенмен жол төсемінің стандартқа сай болуына қатаң тексеріс керек. Өйтпеске болмайды. Себебі тас қиыршық белгіленген қалыңдықта төселіп, дұрыс технология қолданылуы тиіс. Филиалдың сынақ зертханасында 3 жылда жол-құрылыс материалдарының 4,5 мыңнан астам сынамасы зерттелген.  Оның 3,5 мыңы талапқа сай емес.

СНХ: НҰРЖАН ТЕМІРХАНОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Әр түрлі технологияларды қолданып жатырмыз материалдар, қоспалар Алматыдан Қазақстанның ғылыми-зерттеу институты бар, солар жұмыс істейді. Бүгінгі күнде бізде бір мәселе-бұл бетон мәселесі. 2-3 жылдан кейін оның уақыт өте ескіруі жолдың нашарлануына әкеледі және қадағалау.

РКС: Биыл аталған мекеменің құрылғанына – 3 жыл. Жылдан жылға жол-құрылыс бағытының даму-деңгейі байқалады. Алайда аталған салада маман тапшылығы бар. Мәселенің алдын алу үшін Ұлттық сапа орталығы 3 жылда 250-ден астам білім ошағында  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...