ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҢ ҰЛАҒАТЫ -МӘДЕНИЕТІНДЕ

19:46, 14 қазан 2021

 

ДИКТОР: Қазақстанның биылғы мәдени  астанасы Көкше өңірі руханияттың жарқын үлгісіне айналып отыр. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңыздысы мәдени сала екені мәлім. Облыс орталығында ашылған өнер орталығының тәрбиеленушілері де ацтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр.   

РКС: Бұл өнер орталығы 200-ге жуық оқушыны өнер әлемінің қыр-сырына үйретуде. Орталықтың мамандары домбыра, гитара тарту,  фортепианода ойнау, ән айту мен әртіс шеберлігі бағыттары бойынша сабақ береді.Толғанай осы өнер орталығына 1 жыл бұрын  келген. Домбыра  үйренуді бала кезінен армандаған. Көктемде  республикалық "Sartay Music stars" байқауына қатысып, эстрадалық вокал номинациясы бойынша 1 орынды иеленген.

СНХ: ТОЛҒАНАЙ ТУҒАМБЕКОВА, ҮЙІРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ: Туып өскен ауылымда музыка мектебі және домбыра үйірмелері болған жоқ.Әкемнің Шәмші Қалдаяқовтың әндерін домбыраға салып,ойнағаны көз алдымда.Үйімізде екі домбыра болатын.Осы өнер ордасы менің рухани азығыма айналды.Мен бұл жерде домбыра үйірмесіне қатысамын.Вокалдан да сабақ аламын.Сонымен қатар ноталық сауаттылық та үйретіліп жатыр.1 жыл ішінде 10 шақты күй үйрендім.Атап айтсақ «Кеңес», «Өрнек» күйлері

РКС: Алаштың біртуар зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлттың ұлағаты – мәдениетінде» деген сөзі бар. Ұлттық сана-сезімі жоқ, мәдениеті жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды.

СНХ: ӘЛІБЕК РӘШИТОВ, КӨКШЕТАУ ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ; Биыл бізге 1 жыл толып отыр. Еліміздің Тәуелсіздік алғалы бері осындай танымал үйірмелер көп.Ендігі мақсатым осы өнер орталығында шәкірттерді тәрбиелеу.Біздің ендігі негізгі мақсатымыз өнер орталығын кеңейту. Ұлттық өнерімізді насихаттап,  өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында көптеген іс шаралар жүзеге асырылып жатыр. Дәстүрлі өнерді өміріне азық еткен өнерпаздар да осы орталықтан

РКС: Білікті мамандардан құралған бұл орталықтың тұрақты келушілері бар. Қазіргі таңда балғын домбырашылар бірнеше күй үйренсе, вокал сабағында болашақ әншілер әр ұлттың әнін шырқап жүр. 

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАГУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...