ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ…

17:28, 6 мамыр 2021

ДИКТОР: Жеңіс күнінің қарсаңында барша ел аумағында соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ардагерлердің үйіне барып, қарияларды құттықтады.  

РКС: Тыл ардагері Қазыкен Айтқожина 1934 жылы туған. Соғыстың сұрапыл жылдарында Зеренді ауданының Троицкое ауылында еңбек етіпті. Қазыкен апай «Алтын алқа» иегері. Кейуана 11 баласынан 35 немере мен 20 шөбере сүйген.  

РКС: Владимир Корябкин бар өмірін еңбек жолына арнаған жан. Тыл ардагері 1930 жылы туған. 25 жыл Щучинск ауданында кейін, 10 жылға жуық «Златопольский» совхозында және 15 жыл «Сельхозхимия» бірлестігінде тер төккен. Зейнет демалысына шыққан соң Владимир Дмитриевич өз өмір жолы туралы кітап жазыпты. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев тыл ардагерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  ///рус///    Сізге ең алдымен денсаулық тілеймін, сіздің өмір жолыңыз кейінгі буын үшін үлкен өнеге. 9 мамыр жеңіс күніне сіздер де орасан үлес қостыңыздар. Соғыс жылдары бозбала едіңіз. Соғыстан кейін еліміздің шаруашылығын қалыпқа келтіруге тер төктіңіз.  

РКС: Тыл ардагері Қазез Бұзаукин биыл 90-ға келді. Соғыс жылдары 12 жасынан колхозда еңбек етті. Қазез ата Зеренді мен Рузаев аудандарында тың игеруге қатысқан. Зейнет жасына шыққанға дейін туған ауылында механизатор болып еңбек етті. Жұбайы Гүлнәзия екеуі 8 бала өсіріп-тәрбиелеген.

СНХ: ҚАЗЕЗ БҰЗАУКИН, ТЫЛ АРДАГЕРІ   ///рус///   Құттықтап келгендеріңіз үшін рахмет. Сізге де менің жасымды берсін. Соғыс жылдары барша халық жапа шекті. Бірақ біз берілмедік, Отан үшін аянбай еңбек еттік.  

РКС: Уақытқа байлау жоқ. Жыл санап соғыс жылдарының куәгерлері де сиреп барады. Бұл жас буынның сұрапыл жылдардың тарихы мен өнегесі зерделуге асығуы тиіс. Ерлік даңқын ұмытпай, еңбектің қадірін бағалау ортақ парызымыз.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...