ШҰҒЫЛ! АУТИЗМ ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ДЕНДЕП БАРАДЫ Толығырақ

УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ҚОНАҚҮЙ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК ОРНАДЫ

19:45, 22 қазан 2021

ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы қонақүйлердің бірінде Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің кафедрасы ашылды. Бұл дегеніміз, студенттер бұдан былай дәріс барысында алған білімдерін практика жүзінде іске асырып, жиған-тергендерін бекіте алады. Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Студенттердің пәнге, болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырудың бірден бір жолы – кәсіпорындарда кафедра филиалдарын құру. Шоқан Уәлиханов атындағы университет педагогтарының пайымдауларынша, өзара әріптестік кадр тапшылығын түбегейлі жоюға септігін тигізеді.

СНХ: ӘДІЛЖАН ТҰРАРОВ - Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ :Бұл ресторан ісі және қонақүй бизнесі кафедрасы үшін үлкен жаңалық. Және біз үшін пайдалы болады деген үміттеміз. Өйткені, біздің мамандықта теориялық білімге қарағанда, практикалық білімнің берері мол. Осындай қолжетімді практиканың арқасында біз қонақүйлердің жұмысын көріп, жұмыс берушілермен ақылдасу, пікір алмасу мүмкіндігіне ие боламыз./// 

РКС: Осы күндері, практикалық сабақтар қызу жүріп жатыр. Бір қызығы, екі жақты әріптестік кафедраның ашылуы туралы меморандумға қол қойылмай тұрып басталған. Мәселен, университеттің 2021 жылғы түлегі Әйгерім кәсіпорындағы еңбек жолын бастап та кеткен. Қонақүй өкілдері де ынтымақтастықтан мүдделі.

СНХ: МӘРЛЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ – ҚОНАҚҮЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қонақүй үшін штатта қызмет көрсету саласының білікті мамандары болғаны маңызды. Бізде маман тапшылығы сезіледі. Дәмхана бизнесі бойынша осында білім алып, жұмыс істейтіндер бар. Басқа қалалардан да мамандар шақырып жатамыз. Бірақ, ол мишлен жұлдыздары бар мамандар.///

РКС: Қонақүй базасында студенттер дәмхана және қонақүй бизнесінің қыр-сырын меңгеріп, сервистік қызмет көрсету бойынша алған білімдерін бекіте алады. Сондай-ақ, кәсіпорын ғимаратында теориялық білім беруге арналған аудитория ашылған.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
17:26, 14 қаңтар 2022
БИЫЛ 260 ЖАС МАМАНҒА ГРАНД БӨЛУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...