ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҮШ АУЫСЫМДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ

20:10, 9 маусым 2021

ДИКТОР: Алдағы 5 жыл ішінде Ақмола облысында 38 мектеп салынады деп жоспарланған. Бұл өңірдегі үш ауысымда білім беретін мекемелердің көп жылдық мәселесін түбегейлі шешуге ықпал етпек. Оқу ошақтарының дені облыс орталығына шалғай орналасқан аудандарда салынбақ. Бұл туралы «Нұр Отан » партиясының қоғамдық кеңес отырысында облыстық білім басқармасының жетекшісі Бейбіт Жүсіпов мәлімдеді. Бұдан бөлек, жиында білім саласына қатысты бірқатар мәселелер де талқыланды.

РКС: Биыл 4000 орынға шақталған  10 мектепті іске қосу жоспарланған. Айта кетсек, Қосшы ауылында 1200 , Арайлы ауылында 300 , Өтеміс ауылында 120 және Раздольное ауылында 80  бала білім алатындай жағдай қарастырылуда. Облыс орталығында 392 орындық оқу-тәрбие кешенінің, сондай-ақ №1 орта мектеп-гимназиясының жанынан 600 орындық нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ,  ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма// Үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін Целиноград ауданында 1620 орындық 3 мектептің және Көкшетау қаласының мектептеріне жапсарлас орналасқан 720 орындық  2 ғимараттардың құрылысы аяқталды. Бұл нысандарды іске қосу 5 мектептетегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Апатты жағдайда тұрған мектептерге  өткен жылы күрделі жөндеу жүргізілді.//

РКС:  Өңірдегі білім беру мекемелерін жөндеуге 4 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

СНХ: ЕЛЕНА ИСКАКОВА, ОБЛЫСТЫҚ  ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: // аударма// Облыстық бюджеттен биылғы жылы мектеп құрылысына 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылған. "Жұмыспен қамтудың жол картасы"аясында Қосшы ауылындағы 1200 орындық мектептің құрылысына бюджет қаржысы есебінен 792 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Бүгінде барлық мектептер бойынша қаржы тапшылығы бар. Бұл мәселені облыстық бюджеттік комиссияның қарауына жібердік. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде.///

РКС: Біржан сал ауданының Бұланды ауылында 80 орынға шақталған  мектеп салу жоспарланған. 4 модульді мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы "BI-Group"компаниясы әзірледі. Апатты жағдайдағы білім беру мекемелері бақылауға алынды. Ал, үш ауысымды оқыту мәселесі 2023 жылға дейін шешімін таппақ.

АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...