ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ҰСТА ҰЛЫ ДАЛА ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

13:30, 26 ақпан 2021

ДИКТОР КАДРДА: Талантына талабы қанат болған шын шебер. Аршалы ауданында темірден түйін түйіп, түрлі бұйымдар жасайтын ұста тұрады. Александр Князев. Көпшілігі өзін танымаса да, өнерлінің қолынан шыққан өнімдерін танып үлгерген. Мереке қарсаңында көпұлтты отбасынан шыққан шебер барша қазақ халқына ағынан жарылып, алғыс айтты.   

ЖКС: Александр жастайынан өнерге құмар. 15 жыл бұрын темірдің тілін үйренуге бел буыпты. Талап тас жармай ма, иекемі болғасын, бірден игеріп алған. Алдымен дәнеркерлеуші мамандығын меңгеріп, Елордалық кәсіпорындардың бірінде еңбек еткен. Кейін ауылына оралып, шағын ұстахана ашады. Өрнектелген қоршаулар, саты жақтаулары сияқты түрлі бұйымдар жасайды.

ЖКС: Темірдің түрлі сынықтары да далада қалмайды. Қолы қалт еткенде, бұйымдардың сазбасын дайындап, ескі қалдықтарды қалыпқа келтіреді. Шебер қазір техниканың ескі қосалқы бөлшектерінен тұрмыстық бұйым жасауға кірісіпті. 

СНХ: АЛЕКСАНДР КНЯЗЕВ, ҰСТА

////На русс:Көліктің ескі саймандаыран отарба пішінде темір манғал дайындап жатырмын. Әлі жұмысы көп. Дөңгелектерін жасаймын. Есіктері механикалық әдіспен ашылады. Мұржа қоямын. Жалпы осындай бір бұйым жасау үшін 2 айдай уақыт жұмсаймын.         ////

ЖКС: Талантты танитын, өнерді бағалай білетін адамның талғамынан шығар талай туындылар дүниеге келді. Жүректен туып, он саусақпен жасалған бұйымдар көпшіліктің көңілінен шығып жатса, менде одан асқан бақыт та, баға да жоқ дейді шебер.

СНХ: АЛЕКСАНДР КНЯЗЕВ, ҰСТА

////На русс: Елбасының мәртебелі меймандарды қабылдайтын шай салтанаты үйіне саты жақтауларын дайындадым. Мен үшін ең жауапты, есте қалатын тапсырыс осы болды. Қатты қобалжыдым. Бірақ өнім сапасы көпшіліктің көңілінен шығып, еңбегім ақталды.  ////

ЖКС: Ұстаның атасы Валентин Князев қазақ жеріне Удмуртиядан сонау 50 жылдары тың игеруге келіпті. Жергілікті халықтың қамқорлығы мен қолдауының арқасында қанат жайып, өсіп өнген. Дәм-тұзы таусылғанша, қазақ халқына алғысын айтып өтті, дейді шебер. Қазақ тілінде сойлеп, мәдени құндылықтарын да қадірлеп өткен.

СНХ: АЛЕКСАНДР КНЯЗЕВ, ҰСТА

//// На русс: Қазақ еліне, қазақ халқына айтар алғысым шексіз. Қазақстанда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Басты құндылықтардың бірі халықтар достастығы. Мен әлемнің 20 мемлекетінде болдым. Бірақ өз елім, Қазақстанға жететін жер таппадым. Бұл менің үйім. Қазақ халқына шексіз алғыс айтамын.  

ЖКС: Шебердің қолы ортақ. Ата кәсіптің кілтін тапқан хас шебер алдағы уақытта Қазақстан ұсташылар қауымдастығын құрып, ұсталық өнерді насихаттамақ ниетте. Сондай-ақ, өнерге таласы бар жастар үшін шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап отыр.

Берік Қайдарұлы, Бауыржан Смағұлов, Көкше-Ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...