ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

УТИЛИЗАЦИЯЛЫҚ АЛЫМ ҮШІН ТӨЛЕМ ТӨМЕНДЕЙДІ

17:28, 14 қаңтар 2022

ДИКТОР: Ел Президенті Үкіметке утилизациялық алымды тоқтату бойынша шара қолдануды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жуырда жасаған мәлімдемесі барысында «Оператор РОП» компаниясының қызметін тоқтату қажет деп қадап айтты.  Бұл сұрақты бизнес және қоғам өкілдерімен конструктивті түрде талқылау керек,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, утилизациялық алым шетелдерде сияқты толық мемлекеттің қарамағына өтеді. Сондай-ақ, отандық машина жасаушыларға көрсетілетін қолдау күшейеді. 

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  ДЕПУТАТЫ:  Бұл республика кәсіпкерлері мен жеке тұлғалар үшін маңызды сәт. РОП операторлары жүзеге асырып келген утилизациялық алым төлемі біршама азаяды деп айтылды. Қазіргі таңда, оператор республикадағы қалдықтар бойынша уәкілетті орган. Ол экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне есеп береді.

 РКС: Соңғы уақытта кәсіпкерлер де, жалпы қоғам да «РОП операторларының» жұмысына күмәнмен қарауда. Айта кетейік, аталмыш жеке компанияның қызметіне қарсы қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылған.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  ДЕПУТАТЫ:  Кәсіпкерлер әлеуметтік желілерге шығып, «Атамекен» палатасының атынан үндеу жазған. Олар біздегі утилизациялық алым төлемінің тым қымбат екендігін, сәйкесінше, ауылшаруашылығы және басқа да техникаларды жаңарту қиынға соғатынын айтқан болатын. Алайда, РОП түрлері барлық дамыған мемлекеттерде бар. Сондықтан, утилизациялық алымнан мүлдем бас тарта алмаймыз, тек төлем мөлшері анағұрлым азаяды.

РКС: Бұл жерде сұрақ, отандық көліктер мен ауылшаруашылығы техникасын сатып алушыларға утилизациялық алым есебінен ваучер ұсынуда болып тұр. Одан қалды, қаражатты пайдаланудың басқа да жолдары қарастырылуы тиіс.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,  МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...