ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ

19:45, 30 қараша 2021

ДИКТОР: Облыс орталығында экскурсоводтардың республикалық байқауы өтті. Екінші кезең офлайн режимде ұйымдастырылып, елдің түкпір-түкпірінен 12 қатысушы келді.

ИНТЕРШУМ: басы

РКС: Көкшетау 2021 жылы Қазақстанның мәдени астанасы атанғаны белгілі. Осы орайда көптеген мәдени іс-шара Арқада өтіп жатыр. Кезекті жарыс –«Үздік экскурсовод - 2021» деп аталды. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында  ұйымдастырылды.

СНХ: АНАР ДҮЙСЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Биыл Көкшетаудың Қазақстанның мәдени астанасына айналғаны қала тұрғындары үшін үлкен мақтаныш. Музей қызметкерлерінің жұмысына келер болсақ, биыл біздің облыстық музейге өзге өңірлердегі облыстық музейлер де келді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Ең ірі іс-шаралардың бірі – «Үздік экскурсовод-2021» республикалық конкурсы.

РКС: Конкурсқа қатысуға республика мен облыстардың музей экскурсоводтары шақырылған. Жарыстың екінші кезеңіне жолдама алғандардың бірі Теміртау қаласынан келген Гүлім Сыздықова. Ол бұл байқауға барын салып  дайындалғанын айтады. 

СНХ: ГҮЛІМ СЫЗДЫҚОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: /ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ: Мен туған қалам Теміртауды таныстырамын. Бұл Тұңғыш Президенттің еңбек жолы басталған қала, металлургтер қаласы. Әрине, республикалық байқауға қатысу мен үшін үлкен жетістік. Бұл менің шығармашылық көзқарасымды арттырып, елдің алдыңғы қатарлы гидтерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік.

РКС: Ұйымдастырушылар үш тапсырма ұсынды. Алғашқысын гидтер үйде дайындап келіпті. Қалған екеуі-толық импровизация. Мұнда бәріне тек жеке тәжірибе көмектесті. Іс-шара қорытындысы бойынша, бас жүлде мен 500 мың теңге  сертификатына теміртаулық Валентина Павлик ие бодды.  1 жүлделі орынды Көкшетаудың экскурсоводы Аягөз Махметова қанжығалады. Оған 300 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал екінші орынды Ақмолаға Айнагүл Заит әкелді. Үшінші орын Қостанай облысынан келген Александр Кургузкинге бұйырды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...