ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ Толығырақ

ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

20:03, 15 қыркүйек 2021

 

ДИКТОР:  Пандемияға байланысты еліміздегі жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Бүгінгі таңда облыста вакцинаның бірінші компонентін қабылдағандардың үлесі 66 процентке жеткен. Ал тұрғындардың 57 проценті екпенің екінші компонентін алыпты. Коронавирусты жұқтыру қаупін азайту мақсатында патологиялық түрлі ауруларға шалдыққандарға қашықтан кеңес беру қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін 13 мыңнан астам адамға кеңес берілген.  

РКС: Облыста 23 медициналық мекеме коронавирус инфекциясына шалдыққандарға қашықтан медициналық көмек көрсетеді. 1300  инфекциялық және 179 реанимациялық төсек-орын жасақталған. Бүгінгі таңда жан сақтау бөлімінде бос орын жоқ. 66 науқастың жағдайы ауыр,-дейді ақ халаттылар.  

СНХ: ЕЛЕНА ИВАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 40 мыңнан астам зертханалық расталған жағдай  тіркелді. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 7,7 процентке жоғары. Оның ішінде симптомдары бар науқастар саны 31 мыңнан астам. Өткен аптада 29 мың болған. 8 мыңнан астамы симптомсыз вирусты тасымалдаушылар қатарында. 814 пациент стационарлық ем қабылдап жатыр. Бұл көрсеткіш өткен аптаға қарағанда 20 процентке төмендеген.

РКС: Дегенмен, босаңсуға әлі ерте. Өкінішке орай, мектеп оқушылары, жасөспірімдер мен жүкті әйелдер арасында вирус жұқтыру жағдайлары жиілеп кетті.

СНХ: ЕЛЕНА ИВАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Фектильді жастағы әйелдер туралы айтар болсақ, жұмыс жүріп жатыр. Тұрғындардың, шамамен, 30 проценті екпе алған. Бірақ, біздің тұрғындар екпе алудан тартыншақтайды. Әрине, жас босанған немесе бала емізетін әйелдерге екпе алмауға болады. Бірақ, әлем бойынша инфекция жұқтырудың жоғары деңгейі жүкті әйелдер арасында. Сондықтан, екпе ең алдымен ана мен баланы қорғау үшін қажет екенін ұмытпаған жөн.//

РКС: Өңірге ақпан айынан бастап, шамамен вакцинаның 630 мың дозасы жеткізілген. Қазіргі таңда, 133 екпе алу пункті, 135 мобильді бригада жұмыс істейді. Бұл жұмысқа 564 медициналық қызметкер жұмылдырылған. Бұдан бөлек, облыста жылжымалы 11  медициналық кешен бар. Олар Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар мен Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың мен Зеренді, Қорғалжын және Целиноград аудандарында орналасқан.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕРІК МАНАП. КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ  ФЕСТИФАЛІ
19:09, 20 қыркүйек 2021
СОЛТҮСТІК ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫНЫҢ III АЙМАҚТЫҚ ФЕСТИФАЛІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
19:08, 20 қыркүйек 2021
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ-30 ЖЫЛ: БАЛАБАҚША – БІЛІМ БАСТАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
20:30, 16 қыркүйек 2021
ЕРТЕҢНЕН БАСТАП СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
Толығырақ...
 ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
20:20, 15 қыркүйек 2021
ПОДАЧА ВОДЫ БУДЕТ ВОССТАНОВЛЕНА ДО КОНЦА НЕДЕЛИ
Толығырақ...