ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ВАКЦИНА АЛУ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

20:06, 15 шілде 2021

 

ДИКТОР:  Елімізде бір тәулікте вирус жұқтырғандардың саны  5314-ке жетті. Ақмола облысында да осы уақыт аралығында індеттің тырнағына ілінген 160 жағдай тіркеліп отыр. Бұл COVID-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығып, тұрақсыз болуына ықпал етті. Осы орайда, қала әкімі Бауыржан Ғайса халыққа вакцинацияның маңыздылығын жеткізу мақсатында БАҚ өкілдерімен кездесті.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  ӘКІМІ: Әр адамның өзінің жеке пікірі бар. Әрине, ол өз көзқарасын білдіруге құқылы. Сондықтан әр адам қазіргі қиын жағдайды ой елегінен өткізіп, шешім қабылдауы керек. Мен адамдармен сөйлескен кезде « чиптеп жатыр» деген сияқты көптеген қауесеттерді естимін. Кей адамдар сол фейк-ақпараттарға сеніп жатады. Бұл дұрыс емес.

РКС: Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың саны 2 есеге артты. Әсіресе індет жұқтырып, ауырып жатқандардың арасында жастар көп кездеседі. Облыста шілде айының басынан бастап вирус жұқтырудың 1 мың 585 жағдай тіркеліп отыр.

СНХ: АЙНАГҮЛ  МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС  ДӘРІГЕРІ: Бүгінде еліміз бойынша COVID-19  індетінің өршіп тұрғанын көріп тұрмыз. Республика бойынша ауру жұқтыру 3 есе өсті. Шілде айының басында 80 жағдай тіркелді, ал бүгін бізде 160 жағдай. Ең өкініштісі балалар да ауырып жатыр. Өткен жылы мамыр айынан бастап 14 жасқа дейінгі 143 бала ауырып қалды. Соңғы 6 айда 1 812 бала сырқаттанды.

РКС: Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алу арқылы ғана індеттің бетін қайтаруға болады. Қала әкімі Бауыржан Ғайса қызметкерлерге «таңдау берілетінін» айтты. Егер олар вакцинациядан бас тартса, онда олар ПТР-тестілеуден өтуі керек. Бүгінгі таңда өңірде коронавирустық инфекцияға ПТР-тест тапсыру кем дегенде жеті мың теңге тұрады.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...