ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҰЛАҒАТЫ… Толығырақ

ВАКЦИНАЦИЯЛАУДЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17:30, 23 ақпан 2021

ДК: Өңірде вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды. Алғашқы кезеңде облыс бойынша 1300 дәрігер ерікті түрде екпе алған. Міне, араға 21 күн салып сол ақ халаттылар екпенің екінші жиынтығын салдыруда.

РКС: Бұл шаһарағы облыстық көпбейінді ауруханасы. Мұнда 1 мыңнан астам дәрігер қызмет етеді. Соның 135-і бірінші кезеңде екпе салдырған.  Екінші кезеңде де сол дәрігерлердің барлығы вакцинация қабылдамақ ниетте. Солардың бірі  аталмыш мекеменің директоры – Нұрлан Жаров.

СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ//қаз////Жалпы жағдайым жақсы. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай ауырсыну, асқынулар болған жоқ. Жалпы әр ағзаның реакциялары болады. Кезкелген вакцинадан кейін, жалпы осы вакцинадан  ғана емес дене қызуы көтерілуі мүмкін. Ол жеңіл түрде өтеді. Уақытша ғана ғой.

РКС: Екпе егудің алғашқы кезеңінде облыс бойынша 1300-ден астам дәрігер вакцина алған. Ал, екпеден кейін жағдайы нашарлап, шағымданғандар тіркелмеген. Медицина қызметкерлері осы кезеңде де ондай асқынулар болмайтынынан үмітті.

СНХ: АЛИНА БЕЛЯЕВА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ  АУРУХАНАСЫНЫҢ ТЕРАПЕВТІ ///рус/// Бірінші вакцинаны жақсы қабылдадым. Жанама әсерлер болған жоқ. Мен барша тұрғындарды індеттің алдын алу үшін осы вакцинаны қабылдауға шақырамын.

РКС:Екінші кезеңде де өңірге «Спутник V» екпесінің 1300 данасы жеткізілген. Жалпы вакцианациялау аймақта кеше басталды. Бір тәулікте 120 дәрігер екпе қабылдап үлгерді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
18:28, 30 сәуір 2021
50 СТУДЕНТ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
19:57, 30 сәуір 2021
1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Толығырақ...