ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

19:20, 26 қаңтар 2021

ДК: Ақмола облысында вирус жұқтырғандар саны 10 мыңға жуықтаған. Өңірде індеттің таралу қарқыны да артып отыр. Бұған тиісті талаптың сақталмауы себеп. Мысалы, жедел мониторингтік топ 23-24-ші қаңтарда Көкшетау қаласындағы бірқатар нысанға рейд жасады. Оның қорытындысы бойынша сауда нысандарының 74 проценті, қоғамдық тамақтану орындарының 17 проценті карантин талаптарын жиі бұзатыны анықталған. Айта кетелік, Ақмола облысы 10 қаңтардан бері індет таралу қаупінің қызыл аймағында.

РКС: Індеттің қайта өршуіне өңір тұрғындарының карантин талаптарын сақтамауы кері ықпал етіп отыр. Қатаң тыйымға қарамастан жиын-той өткізген 74 дерек тіркеліпті. Жалпы алғанда 1600-дей талапты бұзу дерегі анықталып,  126 млн. теңгеден астам айыппұл салынған.

СНХ:АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///АУДАРМА///  Соңғы үш күн бойы біздің облыс республика өңірлері арасында ең жоғары вирус таралу жылдамдығын көрсетіп келеді. Күн сайын өңірде 200-ге тарта адамның вирус жұқтырғаны анықталуда. Өңірде 9733 адам вирус жұқтырса, оның 3617-сі індеттің симптомсыз түріне шалдыққан. Ауру анықталғандардың жартысына жуығы медициналық мекемелерге өздері жүгінген. 40 процентке жуығы індет жұқтырған адаммен байланысқа түскендер. Науқастардың  10-15 проценті профилактикалық тестілеу басырсында анықталған.

РКС: Қаңтар айында 2486 адам індетке шалдықты. Науқастардың 40 проценті, яғни 1627-сі зейнеткерлер. 1611 тұрғын жұмыс бабында вирус жұқтырған. Оның 506-сы мемлекеттік қызметші, 379-ы медицина маманы, 275-і күш құрылымдарының қызметкері. Оқу жылы басталғалы бері өңірде 373 мектеп оқушысынан вирус анықталған.

СНХ:АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ///АУДАРМА///  Біз өңірдегі аудандар мен қалалар арасында да аурудың таралу барысын есепке аламыз. Соңғы бір аптада індеттің облыс аумағына таралуы екі есе артты. Өткен аптада 555 тұрғынның індет жұқтырғаны анықталған еді. Бұл аптада ковид-19 вирусы 1283 адамнан анықталды. Біздің бақылауымыз бойынша 19 әкімшілік бірліктің 13-і қауіптің қызыл аймағында. Өткен тәулікте Есіл, Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында вирус таралуы күрт артқан.

РКС: Өткен жылдың шілдесінен бері облыс аумағында 154 мониторингтік топ бақылау жүргізіп келеді. Олар 15 мың 482 мекемеге тексеру жүргізіп, 1293 талап бұзу дерегін анықтаған. Айнагүл Мусина мұндай жедел мониторингтік топ құрамында  санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жоқ екенін айтты. Мониторингтік топ жергілікті әкімдік қаулысымен құрылады. Облыстың санитарлық бас дәрігері бірнеше мәрте тәртіп бұзған бизнес нысандарын атап, журналистерді бұл мәселені жан-жақты талдауға шақырды.   

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар